жаңалықтар

Демонстрациялық емтихан

2023 жылдың 22-23 маусымында 07210300-Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі, 3W07210300-Наубайшы біліктілігі мамандығы бойынша 3ТХ тобында Worldskills стандартына сәйкес, «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтуде.

Біліктілік емтихан

22-23 маусым аралығында 04140100 Маркетинг мамандығы, 3W04140101 Мерчендайзер біліктілігі бойынша 2 мер Б тобында біліктілік емтиханы өтті

«Педагогикалық тәжірибе панорамасы»

2023 жылдың 31 мамырында ТжКБ ұйымының шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың педагогикалық тәжірибе мектебінің жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасы «ҚББЖТҒӘО» ТжКББ бөлімінің «Педагогикалық тәжірибе панорамасы» жобасы аясында Алматы Мемлекеттік бизнес колледж» базасында «Білім алушыларды болашақ мамандығы бойынша олимпиадалар мен байқауларға даярлауды ұйымдастыру».

2 Марк А тобымен практикалық жұмыс

Бейресим топ құру тақырыбында 2 марк А тобымен практикалық жұмыс өткізілді. 1 аптаға созылған қоғамдық жұмыстар жүргізіліп, студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында колледжімізде “Студенттерді қолдау”, “Көңіл күйді көтеру мақсатында” комплимент таратылып, апта соңында 1-2 курс студенттері арасында мини-футбол ұйымдастырылды. Керемет идея үшін 2 марк А топ студентеріне және оны қолдаған оқытушыларға алғысымызды білдіреміз! Жетекші: Искакова А.М.

"Өз жұлдызыңды жақ"

Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Арғынбаева Ақбота Ғалымжанқызы Алматы қаласының білім саласындағы жас педагогтар арасында өткен "Өз жұлдызыңды жақ" қалалық конкурсында жүлделі 3 орын иеленді. Ақбота Ғалымжанқызы құттықтаймыз!

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған көрме өтті

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі кітапханасында 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған көрме өтті. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.

«Желілік және жүйелік әкімшілендіру»

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Алматы мемлекеттік политехникалық колледж» МКҚК базасында өтілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы IT-саласы бойынша кәсіби шеберліктің қалалық конкурсы өтті

Педагогтің кәсіби шеберлігі – білім алушының жетістігі

2023 жылдың 23 мамырында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, ТжКББ ұйымдарындағы кәсіби құзыреттіліктер бойынша оқытушылар арасында «Педагогтің кәсіби шеберлігі – білім алушының жетістігі» атты қалалық байқауы өтті.

«Ұлттық тағамдарды жаңғырту»

2023 жылы 17 мамырда Алматы облысында «Khama park» ресторанында колледждер арасында «Ұлттық тағамдарды жаңғырту» атты конкурсы болды. Конкурсқа колледжіміздің директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты

7 мамыр Отан қорғаушы күні және 9 мамыр Ұлы жеңістің 78 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.

Колледжіміздің АӘД пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушы күні және 9 мамыр Ұлы жеңістің 78 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада батырлардың ерліктері жайында баяндамалар оқылып, батырларымыздың ерлігі еске алынды.

«Еркін ел ұрпағы»

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жүргізілді.

Біздің жетістіктер

Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз!

Колледж білімалушылары қалалық Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған шеруіне қатысты

Біздің білімалушылар қалалық Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған шеруіне қатысты.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні!

Бұл күн Қазақстандағы этникааралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайтудың нышаны.

3D форматында оқытушының электронды портфолиосын жасау

2023 жылдың сәуір айында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Жаратылыстану- математика және ЕТжАЖ» пәндері циклінің апталығында «3D форматында оқытушының электронды портфолиосын жасау» тақырыбында математика пәні оқытушысы Әбдісана Ұ.Ә. шеберлік сабағын өткізді.

Бірінші курс студенттері арасындағы олимпиада

"Жаратылыстану-математикалық пәндер және АТ" онкүндігі аясында "Химия, биология, география" пәндік олимпиадасы екі турда өткізілді. 17.04.23 олимпиаданың 1 туры электронды форматта өтті.

Жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.

"Керемет өмір сүру керемет!!!" форумы

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде жасөспірімдерді салауатты өмір салты туралы дұрыс идеяны қалыптастыру және кеңейту мақсатында "Керемет өмір сүру керемет!!!" 1 курстар арасында студенттік форум өтті.

Заманауи оқу платформаларын сабақ барысында қолдану

2023 ж. сәуір айында колледжде «Жаратылыстану-математика және ЕТжАЖ» циклінің апталығының барысында арнайы пән оқытушыларының өткізуімен «Заманауи оқу платформаларын сабақ барысында қолдану» атты мастер-класс өткізді.

Бизнес колледж астрономиялық обсерваторияда

2023 ж. сәуір айында Алматы мемлекеттік бизнес колледжі физика және информатика пәнінің оқытушылары А.Н. Қожабекова мен Н.Ж. Қорабаева 4 курс студенттерін ғарышкерлер күніне орай Алматы қаласындағы В.Г. Фесенков атындағы астрономиялық обсерваторияға алып барды.

Жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу

Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі

WorldSkills Almaty 2023

2023 жылдың 05-12 сәуір аралығында Алматы қаласында WorldSkills Almaty 2023 аймақтық чемпионаты өтті. WorldSkills Almaty – 2023 байқауының әрбір жеңімпазы сертификаттармен қаржылай марапатталды.

“Заманауи этика негіздері”

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде “Заманауи этика негіздері” бойынша ашық сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Ашық есік күні

Осы жылдың 14 сәуірі Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде кезекті Ашық есік күні өтті, оған Алматы облысы Жамбыл ауданының 9-сынып оқушылары ұстаздары мен ата-аналарымен бірге болды.

«Жұлдызды сәт»

13.04.2023 жылы колледжімізде «Жаратылыстану- математика және ЕТжАЖ» циклінің апталығының ашылуы «Жұлдызды сәт» викториналық ойынымен басталды.

«English Marathon»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде тіл бірлестігінің он күндігіне орай, ағылшын тілінде 1-ші курс білім алушылар арасында «English Marathon» атты сайыс өтті. Сайыста білім алушылар ағылшын тілінде білімдері мен тілге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің 1 курс білім алушыларымен бірге қазақ тілі пән оқытушылары қазақ тілінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне барды.

“Наубайшы шеберлігі”

2023 жылдың 10 сәуірінен бастап Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде WorldSkills Almaty 2023 “Наубайшы шеберлігі” құзыреттілігі бойынша студенттер жарысуда. Барлық қатысушыларға үлкен сәттілік тілейміз!

"Адалдық сағаты"

АМБК базасында 2023 жылдың 10 сәуір күні 1-2 курс студенттері арасында Жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді. Негізгі мақсаты: жалпыадамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға тұлғаларды тәрбиелеу.

1 курс білім алушылары арасында эссе байқауы өтті

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл (1893-1938) толуына орай 1 курс білім алушылары арасында эссе байқауы өтті.

«Тіл – достықтың алтын көпірі»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 29 наурыз күні «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында тілдер апталығының онкүндік ашылу салтанаты өтті. Салтанатты кеште білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Педагогтар арасындағы қалалық кәсіби шеберлік байқауы

2023 жылдың наурызында Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында қалалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

«Жаңарған Қазақстан экономикасына менің кәсіби үлесім»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің білім алушылары «Халықаралық менеджмент және сервис» колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңарған Қазақстан экономикасына менің кәсіби үлесім» тақырыбындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

«Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі мен Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар коледжінде 2023 жылдың 27 наурызы мен 8 сәуір аралығында Алматы қаласының ТжКБ онкүндігі шеңберінде «Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы» қалалық фестивалі аясында волейболдан Алматы қаласы аудандық мектептерінің оқушылары және 1 курс колледж студенттері қыздар және ұлдар арасында воллейболдан жарыс өтті!

«Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы»

Наурыздың 30 күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы» атты Алматы қаласы колледждерінің фестивалі шеңберінде ашық есік күні өтті.

«Кәсіптік білім: Табысқа жету жолы«Кәсіптік білім: Табысқа жету жолы»

2023 жылдың 29 наурызында «Кәсіптік білім: Табысқа жету жолы» қалалық жұмысшы кәсіптер фестивалі аясында, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі Алматы қаласының мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін колледждің серіктестерінің тәжірибе базаларына - «Grand Zina» мейрамханасы, «Line Brew Best» кафесі, «Қарлығаш» кафесі, «Media» кафесіне экскурсия ұйымдастырылды.

"Ақылдылар"

"Оқу колледжі" тұжырымдамасын іске асыру аясында "Алматы мемлекеттік бизнес колледжі" ММ кітапханасында "Ақылдылар" әдеби сайысы өтті.

«Куратор не оқиды?

«Оқу колледжі» тұжырымдамасын іске асыру аясында "Алматы мемлекеттік бизнес колледжі" ММ кітапханасында «Куратор не оқиды?» акциясы өтілді. Акцияның мақсаты: оқушылардың назарын топ кураторы ұсынған кітаптарды оқуға ынталандыру.

«Қош келдің, әз Наурыз!»

20 наурыз күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Менеджмент және маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

«ФИНАТЛОН»

17 наурызда біздің колледж студенттері «Тұран» университеті мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп өткізген «ФИНАТЛОН» қаржылық сауаттылық бойынша кейс-чемпионатына қатысып, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Сандық» мейрамханасының бренд-шеф аспазы Сқақ Манас

2023 жылдың 16 наурызында «Технологиялық пәндер» циклының ұйымдастырылуымен «Ұлттық жаңару мен жаңғыру» бағдарламасының аясында колледждің 2012 жылғы түлегі, белгілі тележүргізуші және «Сандық» мейрамханасының бренд шеф- аспазы Сқақ Манаспен кездесу өткізілді

«Сенің жұлдызды сәтің»

15 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасының ҚБЖТҒӘО жетекшілігімен өткен қалалық «Сенің жұлдызды сәтің» жас педагогтар байқауының екінші кезеңінің нәтижесі бойынша колледжіміздің жас өндірістік оқу шебері Арғынбаева Ақбота жүлделі 3-орынға иемденді.

Тамақтандыру индустриясы бөлімінің «Менің мамандығымның әлемі» атты декадасы

02.03. – 17.03.2023. аралығында технологиялық пәндер бірлестігінің «Менің мамандығымның әлемі» атты декадасы өтіп жатыр.

WorldSkills

13.03.2023 ж. "Технологиялық пәндер" бірлестігінің онкүндігі аясында колледжішілік WorldSkills чемпионаты өтті.

Шеф- кулинар

«Технологиялық пәндер» циклының технофесті «Менің мамандығымның әлемі» атты онкүндігі аясында «Шеф- кулинар» тақырыбында 3 курс білім алушыларының арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ұжымы 8-Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

Салауатты өмір үшін салауатты ойлау

Халықаралық интеллектті дамыту білім беру орталығының (IMEI) директоры доктор Джон Дже Гын біздің колледж студенттері үшін "Салауатты өмір үшін салауатты ойлау" дәрісін оқыды. Дені сау ұлт-дені сау ұрпақтың кілті.

Менің білуге ҚҰҚЫҚЫМ бар

1-2 курс студенттеріне "Менің білуге ҚҰҚЫҚЫМ бар" атты Алмалы ауданы полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді, онда студенттер диалог түрінде Құқықтану саласында білім алды

“Тамақтандыру индустриясы және сервис”

2023 жылы 24 ақпан айында Шымкент қаласындағы “Тамақтандыру индустриясы және сервис” колледжімен меморандумға қол қойылды.

“WorldSkills стандарттары негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру” Халықаралық семинары өтті

2023 жылғы 20 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбаева У.К., өндірістік оқыту шеберлері Арғынбаева А.Ғ., Диханова Ә.Н., Шыңғожанов А.Б Шымкент қаласында өтіп жатқан “WorldSkills стандарттары негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру” Халықаралық семинар - практикумға қатысты

Маркет-winner

"Менеджмент және маркетинг" циклі "Маркетинг" (салалар бойынша) мамандығының 2-3 курс студенттері арасында"маркет-winner" байқауын өткізді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

16 ақпан 2023ж. колледж студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша "Білім беру және жаңа инновациялық технологиялар" орталығымен кездесу өткізілді.

Электрондық темекінің зияны

2023 жылдың 30 қаңтарында колледж ішілік Педагогикалық оқулар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.

«Отбасым»

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен «Қазақстанда атқарылатын 25 пайдалы іс» тізіміне енген «Отбасым» жобасының жетекшісі Базарбаева Ақбота Алихановна 14 ақпан колледж студенттеріне "Ұя" психологиялық курсының жұмысын жандандыру мақсатында арнайы психологиялық тренинг өткізді.

Ауған соғысы туралы тәрбие сағаты

15.02.2023 ж. Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 27.12.1979 — 15.02.1989 жылдар аралығында болған ауған соғысына байланысты «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Колледж ішілік Педагогикалық оқулар ұйымдастырылды

2023 жылдың 30 қаңтарында колледж ішілік Педагогикалық оқулар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.

«Есеп және қаржы» циклының декада аясында

жылы «Есеп және қаржы» циклының декада аясында, «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Поле чудес для экономистов» атты конкурсы ұйымдастырылды.

"Не? Қайда? Қашан?"

Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі" МКҚК кітапханасында әдеби ойын өткізілді-" Не? Қайда? Қашан?"

Менің өмірімді өзгерткен кітаптар

"Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде " студенттер арасында"Менің өмірімді өзгерткен кітаптар" атты эссе байқауы жарияланды

Конкурс "Билейміз бе?"

Біз барлық тілек білдіруші 2-3 курс студенттерін күтеміз. Өз өнеріңді паш етуге шақырамыз Колледждің акт залында

Түркияда тәжірибеден өткен студенттермен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында колледжде 2022 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Анталия жағалауындағы қонақүйлерде тәжірибеден өткен студенттермен есептік кездесу өтті.

Колледж студенттерінің Алматы технологиялық университетінің өкілімен кездесуі

21 желтоқсанда Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алматы технологиялық университетінің байланыс орталығының басшысы Саят Бердіғалиулы экономикалық және технологиялық мамандықтардың 3-4 курс студенттері үшін 65 жылдық тарихы бар білім орнының Білім беру бағдарламаларының презентациясын өткізіп,колледж түлектерін ЖОО қабылдау ережелерін түсіндірді.

Жақсы көңіл-күй – жан тыныштығы

АМБК базасында «Жақсы көңіл-күй – жан тыныштығы» атты педагогтарға арналған психологиялық тренинг өтті.

"Менің Отаным Қазақстан"

Қазақстан Тәуелсіздік күніне орай "Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі" МКҚК акт залында кітапхананың ұйымдастыруымен «Менің Отаным Қазақстан" атты ауызша журналы өткізілді.

Тәуелсіздік - тұғырым

Еліміздің тәуелсіздік күні мерекесіне орай “Есеп және технология”бөлімінің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік-тұғырым” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Менеджмент тарландары

Колледжде «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Менеджмент тарландары» атты викториналық ойын сайысы өтті.

Starter pack бизнесменов

2022 жылдың 12 желтоқсанында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Бухгалтерлік есеп және технология», «Менеджмент және маркетинг» бөлімдерінің 3 курс студенттері арасында «Starter pack бизнесменов» іскерлік экономикалық ойыны өтті.

«Лаула, лаула желтоқсанның алауы»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 14.12.2022 жылы Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде: «Лаула, лаула желтоқсанның алауы» тақырыбында әлеуметтік пәндер циклының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

Волейбодан жарыс

Дене тәрбиесі және АӘД пәні бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен колледже 1 курс студенттері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өткізілді.

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

13 желтоқсанында «Әлеуметтік пәндер» циклінің «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналған іс-шара өтті. Студенттер мен оқытушылардың назарына 1 және 2 курс студенттерінің күшімен дайындалған концерт ұсынылды. Тарихты есте сақтау дегеніміз-өткенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ерте жүктiлiктi алдын алу

12 желтоқсан 2022жылы Алматы мемлекеттiк бизнес колледжiнiң базасында "Ерте жүктiлiктi алдын алу" тақырыбында профилактикалық семинар өткiзiлдi.Семинарды "Оперейшн Мерси" Коммерциялық емес ұйымының педагог- психологы Ильясова К.Б. қазақ тілінде өткiздi. Семинарға 1-3 курс студенттер, жиыны 25 студент қатысты. Семинар барысында ерте жүктiлiктi алдын алу жолдары туралы ақпарат берiлiп, видеороликтер көрсетiлдi.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 8-ші желтоқсан 2022 ж. оқытушы Л.Т. Шарифьянова колледж студенттері арасында профилактикалық дәрістер өткізді.

“Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы”

“Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” тақырыбында студенттер арасында плакаттар салынып, белсенді жастар Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарамайтындығын жеткізді.

«Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында кездесу өтті.

6 желтоқсан АМБК базасында«Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында Д.М.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ҚХА кафедра меңгерушісі ,құрметті профессор , ҚР мәдениет қайреткері , спикер Баттылханов Болысбек Заманбекұлымен кездесу өтті.

«Үздік педагог-2022»

Ибрагимова Маншук Жетписбаевна Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Үздік педагог-2022» байқауына қатысып, байқау қатысушыларының рейтингісі бойынша Алматы қаласының «Үздік педагогы» атағына ұсынылып, қалалық кезең жеңімпазы ретінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Үстел теннисі

30 қараша күні Ұлттық колледждер лигасының қалалық кезеңінде үстел теннисі 🏓 спорт түрінен колледжіміздің студенті Курбанов Ильясидин 1️⃣орынды иеленді. Жеңіс құтты болсын!

«ALTYN URPAQ» пікір-сайыс клубы «Ұлылықтың бастамасы» атты колледж аралық турнир өткізді

Қараша айының 25-і күні Алматы полиграфия колледжі «ALTYN URPAQ» пікір-сайыс клубы «Ұлылықтың бастамасы» атты колледж аралық турнир өткізді.

«Психобелсенді заттарды қолданудың қаупі» атты онлайн профилактикалық вебинар

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Ақпараттық - ресурстық орталығының қолдауымен "Social project management " орталығы 25 қараша күні «Психобелсенді заттарды қолданудың қаупі» атты онлайн профилактикалық вебинар өткізді.

Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!

Бүгін Алматы көпсалалы колледжінің базасында "БІЗДІҢ ЖОҚ ДЕГЕНІМІЗДІҢ МАҢЫЗЫ" әлеуметтік бастамалар жобасы шеңберінде іріктеу байқауы өткізілді.

Мейрамхана сервисі

18 қарашада Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде "Мейрамхана сервисі" құзыреттілігі бойынша жұмысшы кәсіптер чемпионатының компатриоттары үшін өңірлік практикалық семинар өтті.

«1С: Бухгалтерия көшбасшысы – 2022»

15 қарашада Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 04110100 - Есеп және аудит мамандығы бойынша Оқу – әдістемелік бірлестігі мен "Есеп және қаржы" пәндік-циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық валюта күніне арналған «1С: Бухгалтерия көшбасшысы – 2022» қалалық байқауы өтті.

«Жұмыс беруші күні»

15.11.2022 ж Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты мамандар дайындауда сапаны көтеру үшін, жұмыс берушілермен тиімді серіктестікті дамыту, нығайту.

Жаңа Қазақстанды құру дәуіріндегі маркетинг және менеджмент жүйесіндегі инновациялық даму тәсілдері

Қараша айының 1 жұлдызында колледжде «Менеджмент және маркетинг» циклының онкүндігі аясында «Жаңа Қазақстанды құру дәуіріндегі маркетинг және менеджмент жүйесіндегі инновациялық даму тәсілдері» тақырыбында қала колледждерінің студенттерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

«Менеджмент тарландары»

Қараша айының 2 жұлдызында колледжде «Менеджмент және маркетинг» циклының онкүндігі аясында «Менеджмент тарландары» атты менеджерлерге арналған викториналық ойын сайысы өтті.

Түлектерімен кездесуі

Менеджмент және маркетинг онкүндігі аясында Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінде біздің колледжге түсуге мүдделі мектеп оқушылары мен білім алушылар арасында өз тәжірибелерімен бөліскен колледждің менеджмент және маркетинг түлектерімен кездесуі өтті.

Өткiзiлген кәсiби қалалық “күз сыйы” атты студент арасындағы “ою көрме” сайысы өттi

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде 28.10.2022 ж. күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» ЦӘК апталығы аясында өткізілген кәсіби қалалық «Күз сыйы» атты студенттер арасындағы «Карвинг көрме» сайысы өтті.

Визуалды мерчендайзинг және витринистика

28 қазан күні колледжде «Менеджмент және маркетинг» ПЦК онкүндігі аясында «WorldSkills» стандарттарына сәйкес «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша өңірлік чемпионатына колледж ішілік іріктеу сайысы өтті

Егемендік елдің баға жетпес игілігі

5 қазан Республика күні ұлттық мерекесіне орай "Егемендік елдің баға жетпес игілігі" атты дебат турнирі өтті. Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжінде өткен дебатта Алматы мемлекеттік бизнес колледжі жүлделі 3-орын алды

Өз жұлдызыңды жақ

Колледждің арнайы пән оқытушысы Аманжол Ботагөз «ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ЖАҚ» IV қалалық байқауының нәтижесі бойынша 2-жүлделі орынға ие болды. Аманжол Ботагөзді жүлделі орнымен құттықтап, әрдайым білім саласының биік шыңдарын бағындыра беруіне тілектеспіз!!!

Бауырсақ Fest -2022

Республика күні қарсаңында және Халықаралық аспаздар күніне орай Әуезов ауданында «Бауырсақ Fest -2022» байқауы өтті. Фестивальдің мақсаты- аспазшы мамандығының қоғам үшін маңыздылығын көрсету, осы мамандықтың беделін арттыру,сондай – ақ болашақ мамандарды қолдау.

«КӘСІПКЕР БОЛАМЫН!»

Колледж ішінде 20.10.2022 ж. қалалық кәсіпкерлердің қатысуымен «КӘСІПКЕР БОЛАМЫН!» атты тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы ұйымдастырылды

Жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі

Панфилов көшесіндегі саябақта жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 160- тан астам жұмыс беруші қатысып, 3500- тен астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Колледж түлектері болашақ жұмыс орындарын қарау мақсатында жәрмеңкеге барып, Air Astana, Coco-Cola, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті , Kaspi.kz, Forte Bank, Home Credit Bank сияқты ірі кәсіпорындармен танысты.

Халықаралық қарттар күні

Халықаралық "Қарттар күніне" орай тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ерікті студенттері аға буынға құрмет көрсету, тәрбиелеу мақсатында колледждің кәсіподақ комитетімен бірлесіп, лайықты демалыста жүрген ұстаздарымызды мерекемен құттықтады.

Жалпыреспубликалық патриоттық диктант

2022 жылдың 17 қазанында колледжде жалпыреспубликалық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды. Диктантқа 1 және 2 курс студенттері қатысты.

«World Skills»

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Ұстаздар арасындағы WorldSkills стандарттары бойынша Республикалық кәсіптік шеберлік байқауының, аймақтық байқауында “Кондитерлік ісі” құзіреттілігі бойынша Чоканова Баян Халыковна 2 орынды иеленді.

Менің мамандығым - менің байлығым

2022 жылғы 6 қазанда арнайы пәндер оқытушылары Сериккулова А.Т., Мұратова Р.Н., Жұмағалиева Қ.Ж. «Есеп және аудит пен Қаржы» мамандығында оқитын білім алушылармен бірге «Бухгалтерлер күніне» арналған іс шара өткізді.

Алматы қаласы күніне орай «Алматы-әсем қала» және мұғалімдер күніне орай «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында қалалық эссе байқауы өтті

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруы негізінде, колледж студенттері арасында Алматы қаласы күніне орай «Алматы-әсем қала» және мұғалімдер күніне орай «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында қалалық эссе байқауы өтті. Қалалық эссе байқауының қорытындысы:

«Ұстазым саған, мың алғыс»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Ұстазым саған, мың алғыс» атты мерекелік іс-шара өтті. Халықаралық Ұстаздар күніне орайластырылған мерекелік концерт колледж оқытушыларының құрметіне орай ұйымдастырылды.

Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізілді

21 қыркүйекте АМБК колледжінің студенттері үшін жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Бұл іс-шара экстремистік әрекетті алдын алуға, жастардың бойында ынтымақтастық сезімін, бір-біріне құрметпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.

"Адалдық алаңы"

АМБК базасында Алматы қаласы , Алмалы ауданы әкімі аппараты мен Алмалы ауданы бойынша «Adaldyk alany» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен, аудан аумағында орналасқан колледждер мен орта мектеп директорларының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және жастар ұйымдарының жетекшілеріне арналған - « Құқықтық, мәдениет, жасөспіремдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтудың негізгі шарты ретінде» тақырыбында - семинар өтті.

Колледж мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен аттестатталды

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен аттестатталды.

«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру»

Колледж оқытушылары Сабирова Г., Аманжол Б., Шокенова К. Алматы қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Педагог-шебер» - озат тәжірибе бағдарламасы аясында Алматы қалалық «Ақылды сабақ – білім спасын көтеру» жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды