«Үздік педагог-2022»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ибрагимова Маншук Жетписбаевна Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Үздік педагог-2022» байқауына қатысып, байқау қатысушыларының рейтингісі бойынша Алматы қаласының «Үздік педагогы» атағына ұсынылып, қалалық кезең жеңімпазы ретінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Маншук Жетписбаевнаны жетістігімен құттықтап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуын тілеймін.