ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

«Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің» студенттік ұйымы өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушысы, Жастар ісі жөніндегі комитет болып табылады, оның қызметі өскелең ұрпақты тәрбиелеу және Қазақстан студенттеріне деген сүйіспеншілік қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясат стратегиясына мұқият көңіл бөлуге бағытталған. Осы бағытта студент жастар ( республикалық, қалалық, аудандық, т.б ) колледждегі іс-шаралар мен конкурстарға, спорттық жарыстар мен олимпиадаларға белсене ат салысады. Аталмыш іс-шараларға қатысуды Жастар комитетінің белсенділері әркез ақылдаса отырып шешеді. Белсенді студенттерден құралған комитеттің әр жиналысы ұйым басшысының қатысуымен өтеді.    

 

1. Жалпы ережелер

1.1 Жастар ісі жөніндегі комитет жастар мемлекеттік саясатын жүзеге асырушы колледжішілік құрылымдық бөлімшесі.

1.2 Жастар ісі жөніндегі комитет оған тапсырылған қызмет аясы және колледж жастар құрылымы жұмысының тиімділігі үшін колледж әкімшілігі алдында жауапты.

1.3 Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім беру туралы» заңды, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдары», жоғары тұрған ұйым мен мекеме, Ғылыми кеңес, колледж әкімшілігінің шешімін басшылыққа алады.

1.4 Жастар ісі жөніндегі комитет жастар ұйымы мен комитеттерді белгіленген тәртіпте құрастырады және жояды, жоспары, ережелерін бекітеді.

1.5 Жастар ісі жөніндегі комитет өз құзыретіне жататын қаулы мен әдіснамалық ұсыныстарды құрастырады.

1.6 Қызметінде Жастар ісі жөніндегі комитеті тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі Төрағаға бағынады.

  1. Мақсаты

2.1 Жастар ісі жөніндегі комитет қызметі жастар саясаты және оны жан-жақты жүзеге асыру шараларын іріктеу және жүзеге асыруға бағытталған.

  1. Міндеттері

3.1 Қызмет бабына сай топтарда және колледждің толықтай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жетілдіруге қатысу.

3.2  «Жас басшылар» күнін өткізу;

3.3  Колледжішілік кезекшілікке қатысу;

3.4 Студенттік топтарда шығармашылық, өзара көмек көрсету жағдайын қалыптастыру.

3.5 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысу.

3.6 Олимпиада, ғылыми конференцияны ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

3.7 Бағытына қарай байқау, конкурстарға қатысу.

3.8 Жастар саясатын жүзеге асыру, жастар мәселесін дер кезінде шешу мәселесінде колледж қоғамдық ұйым қызметін реттеу.

3.9 Жастар мәселесін нақты әрі дер кезінде шешуге қатысты сұрақтар бойынша жоғарыдағы өкілеттік, жастар ұйымдарымен қарым-қатынаста болу.

  1. Негізгі қызметтері

Жастар ісі жөніндегі комитет (жоғарыда жүктелген міндеттеріне сай) мына қызметтерді іске асырады:

4.1 Колледжде жастар саясатын жан-жақты жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді;

4.2 Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында» сипаталған құқық, міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;

4.3 Жоғарғы ұйым, әкімшілік шешімдерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

4.4 Комитет бөлімшелеріне кадр және белсенді студенттерді іріктеуді жүзеге асырады;

4.5 Комитет, оның бөлімшелері жұмысын жоспарлайды, бөлімшелерінің жоспарды орындауын бақылайды;

4.6 Жастармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін зерттейді, толықтырады және таратады, қызмет стилі, формасы мен әдістерін жетілдіреді;

4.7 Колледжде студенттік өзін-өзі басқару бөлімшелерімен, сонымен бірге жастар ұйымы мен жоғарғы ұйымдармен белгіленген тәртіпте байланыс ұйымдастырады;

4.8 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысады;

4.9 Үздік оқу тобы конкурсы, ғылыми конференция, олимпиада, байқау ұйымдастырады.

  1. Жоспарлау тәртібі және есеп беру

5.1 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысы колледж басшысы бекіткен жоспарға сай  жүргізіледі.

5.2 Жастар ісі жөніндегі комитет Президиумы қаулы, өкім түрінде рәсімделеді де, Комитет құрылымдық бөлімшелер, топ старосталары орындаулары үшін міндетті.

5.3 Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі Меңгерушіге  есепті даярлау және уақытында тапсыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері

Жастар ісі жөніндегі комитет құқықтары:

6.1 Студенттік комитет және студенттер белсенділері өкілдерін отырыстарында тыңдау;

6.2 Колледж әкімшілігі, Ғылыми кеңес, қабылдау комиссиясында жастардың атынан мүдделері мен мәселелерін қорғау;

6.3 Басқа колледждерде жастар ісі жөніндегі комитеттерімен байланысты іске асыру;

6.4 Колледж әкімшілігінен жастарды материалдық және моралдық қолдау және тәртіптік сипаттағы шараны қолдану үшін ұсыныс жасау;

6.5 Колледж әкімшілігіне студент жастарымен жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстарды айту;

6.6 Оқу бөліміндегі бар қажетті (құзыретіне енетін) барлық деректі ағымдық жұмысында қолдану.

  1. Құрылымы

7.1 Жастар ісі жөніндегі комитетін колледж әкімшілігі тағайындаған төраға басқарады.

Төраға:

7.1.1 Комитет алдындағы міндеттер және жеке қызметтік міндеттері үшін төраға жеке басты жауапты;

7.1.2 Төраға орынбасарлары арасындағы міндеттері бөледі және қызметтерін реттейді;

7.1.3 Төраға орынбасарларының жауапкершілік дәрежесін анықтайды;

7.1.4 Қызметтік міндеттерін орындаған кезде Төраға колледж әкімшілігі ұсынған құқықтарын қолданады.

7.2  Жастар ісі жөніндегі комитет Президиумы құрамына енетіндер:
—    Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы (Президиум төрағасы)
—    Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары,
—    Циклдық топ старосталары,
—    Комитет бөлімшелерінің басшылары,
—    Студенттік меңгерушілер,
—    Студенттік жатақхана төрағасы.

7.3 Жастар ісі жөніндегі комитетінің міндеттері

7.3.1. Студенттік  жұмыстарға жауапты.

7.3.2. Өткізген жұмысына үнемі есеп беру.

7.3.3. ЖІжК төрағасына жұмыс жоспарын құруға көмектесу.

7.3.4. Колледждің қоғамдық жұмысына белсене араласу.

7.3.5. Жастарға қатысты негізгі қалыптық-реттеу құжаттары, колледж бұйрығы мен өкімін цикл  студенттеріне үнемі жеткізіп отыру.

7.4 Жатақхана студенттік кеңес тәірбие, мәдени-көпшілік, дене тәрбиесі, сауықтыру жұмыстарын әзірлеу әрі өткізу, студенттер бос уақыты мен салауатты өмір салтына қатысты шаралар ұйымдастыру, құзыреттері шеңберінде тұрмыстық жағдай мен тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсартуға байланысты колледж әкімшілігіне көмек көрсетуге жатақханада тұратын студенттерді тарту, ұйымдастыру.

7.5 Жастар ісі жөніндегі комитет отырыстарында жастар саясатына қатысты мәселелерді талқылап, колледж жастар құрылымы баяндамасы, есебін тыңдауы, қарастыруы тиіс.

Жастар ісі жөніндегі комитет қаулысы :

Жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.

  1. Ұйым үнпарағы интернет желісінде ай сайын шығарылып, колледжішілік іс-шаралар талданып таралуы керек.

  2. Колледж оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейту топ әкімдеріне міндеттеліп, оны қатаң қадағалауБілім министріне жүктелсін.

  3. Студенттердің тазалығы,оқу құралдары, аудитория тазалығы, киім формасын үнемі бақылауда болуыТазалық министріне тапсырылсын.

  4. Студенттердің танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай колледжішілік іс-шаралар өткізуМәдениет министріне тапсырылсын.

  5. Колледж студенттерінің бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне білімгерлерді тартуСпорт министріне тапсырылсын.

  6. Студенттер арасына келеңсіз жағдайларды болдырмау,сабаққа қатысу-қатыспауын қадағалап, колледжішілік тәртіпті бақылау Тәртіп министріне тапсырылсын.

  7. Біріңғай талап ережелері 1-4 курс студенттерінің барлығына міндетті деп саналсын және студенттер ұйымының осы талаптарды қадағалау Президентке және Вице- министрге жүктелсін

Еріктілердің қызметі

Бұл – сыйақыға сүйенбей, қоғамның немесе жеке әлеуметтік топтардың мүддесі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызмет. Осылайша, олар қаржылық себептер бойынша емес, басқаларға көмектесу және баға жетпес өмірлік тәжірибе жинау үшін еріктілерге айналады. Өйткені, еріктілік өзіңізге және айналаңызға жаңа көзқараспен қарауға, бір нәрсе үйренуге, танысуға мүмкіндік беретін көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

 

Жастар комитетінің құрамы

Студенттердің өзін-өзі басқару тәртібі.

Білім алушылардың этикалық кодексі

Колледждегі студенттер білуге тиіс:

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында белгіленген азаматтық міндеттерді орындау

2.      Колледж жарғысын студенттерге қатысты бөлігінде білу және орындау

3.      Колледждің жергілікті актілерінің талаптарын орындау (ішкі тәртіп ережесі, кезекшілікті ұйымдастыру туралы ереже, темекі шегуді шектеу туралы бұйрық және колледж директорының басқа да бұйрықтары мен өкімдері)

4.      Директордың, оның орынбасарларының, оқытушылардың колледж Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелері мен нормалары бөлігіндегі өкімдері мен талаптарын орындау

Осы ішкі тәртіп ережелерін білу және орындау

1.Әрқашан өзіңізбен бірге студенттік билет алып, оны колледжге кіре берісте көрсетіңіз

2.Колледжде тәртіпті сақтау және қолдау

3.      Оқу жоспарында қарастырылған барлық сабақтар мен іс-шараларға қатысу, белсенді қатысу

4.      Өз бетінше дайындыққа арналған барлық оқу тапсырмаларын ( үй тапсырмаларын)адал және мерзімінде орындау

5.      Салауатты өмір салтын ұстану. Дене шынықтыру сабағында міндетті атрибут  табаны ақ  аяқ киім әкелу.

6.      Оқу, Еңбек және тұрмыста қауіпсіздік, өмір мен денсаулықты қорғау шаралары мен ережелерін білу және орындау

7.      Колледжде, жатақханада, көшеде және қоғамдық орындарда тәртіпті және ұқыпты болу

8.      Дресс-кодты сақтау (іскерлік стильді ұстану, ашық-шашық, түрлі- түсті, колледж ережесіне сай емес киім киюге болмайды)

9.      Интернет желісінде жұмыс істеу үшін бөлінген ресурсты тек оқу және ғылыми – зерттеу мақсаттарында пайдалану

10. Студент оқытушыларға, қызметкерлерге және басқа студенттерге мейірімді, сыпайы қарым-қатынас танытуы керек

11. Үлкендермен амандасу, оларға жол беру

12. Колледж бойынша кезекшілердің ескертулерін орындау және тыңдау

13. Дәретханаларда гигиена нормаларын сақтау

Колледж ішінде тыйым салынады

1.      Айқайлап сөйлеу, шу шығару, қатты күлу, дәлізде шулауға, сабақты тастап жүруге тыйым салынады;

2.      Сабақ кезінде класта сырт киіммен отыруға, бас киіммен жүруге тыйым салынады;

3.      Сабақ кезінде ұялы телефон, плеер ұолдануға тыйым салынады;

4.      Сабақ үстінде мұғалімнің рұқсатынсыз аудиториядан кіріп шығуға тыйым салынады;

5.      Колледжде спорттық және жағажайға арналған киімдерді киюге ( дене шынықтыру сабағынан басқа) тыйым салынады;

6.      Түкіруге, қақырынуға ;

7.      Сағыз шайнауға;

8.      Дәлізге, аудиторияға, колледж айнапласына қоқыс тастауға ( колледжде қоқыс салуға арналған арнайы жәшіктер қойылған) тыйым салынады;

Үзілді-кесілді тыйым салынады

·        Спирттік ішімдіктерді, уытты және есірткі заттарды енгізуге және тұтынуға;

·        Колледжге мас түрде келуге;

·        Колледжде және оның территориясында темекі шегуге;

·        Нормативті емес, боғауыз сөздерді айтуға;

·        Құмар ойындар ойнауға;

·        Әкімшіліктің рұқсатынсыз зертханалардан, оқу және басқа үй-жайлардан қандай да бір жабдық пен заттарды шығаруға

Ішкі тәртіп ережелерін, колледж жарғысын, тәртіпті, Шарт талаптарын бұзғаны үшін студенттер колледжден шығарылуы мүмкін

– Колледж жарғысын, оқушылардың Этикалық кодексін, колледж бен жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерін; колледж басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін жүйелі ( немесе өрескел) бұзғаны үшін

– Білім алушының кінәсінен колледжге келтірілген материалдық залалды ол немесе оның ата-анасы ( оларды алмастыратын адамдар ) белгіленген тәртіппен өтейді ( зиянды қалпына келтіру немесе индекстеуді ескере отырып, ақшалай түрде төлеу)

 – Колледждің ішкі ережелеріне сәйкес әкімшілік айыппұлдар қарастырылған

                                                                                                 Әкімшілік