жаңалықтар

"Жас маман” Шеберлік-классы

25-26 сәуірде АМБК студенттері ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар ұлттық кубогына қатысады. Жоба бойынша «Биогумус– табиғи, таза органикалық тыңайтқыш». Жоба бойынша эдвайзерлер Р.Н.Муратова; Сериккулова А.Т. және «ENACTUS Almaty business college» командасы

"Жас маман” Шеберлік-классы

“Технологиялық пәндер” бірлестігі апталығы аясында “Жас маман” мектебінің тыңдаушылар мен оқытушылардың қатысуымен Шеберлік-классы өткізілді. Өндірістік оқыту шеберлері Нусипова А. мен Диханова А. түрлі десерттер дайындау бойынша шеберлік классына қатысушылармен өздерінің тәжірибесімен және шеберліктерімен бөлісті.

«Нан-Fest» қалалық кәсіби конкурсы

Технологиялық пәндер циклы бірлестігі ұйымдастыруымен «Мамандық әлемі» технофест апталығы аясында «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша «Нан-Fest» қалалық кәсіби конкурсы өтті.

«Информатика» пәні бойынша қалалық олимпиада

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің ұйымдастыруымен өткен Алматы қаласы Әуезов ауданы колледж студенттері арасында «Информатика» пәні бойынша қалалық олимпиадада біздің колледжіміздің 1 курс студенті Абулхаир Анель жүлделі ІІ – орынды иеленді. Жетекшісі – Нуракова Жұпар Мұратқызы.

«Мамандық әлемі»

Бүгін, 28.02.2024 жылы технологиялық пәндер циклы бірлестігі ұйымдастыруымен «Тамақтандыру индустриясы» бөлімі студенттері үшін «Мамандық әлемі» технофест апталығы ашылуының іс-шарасы өтті.

"Бухгалтерия XXI - Менің мамандығым-менің мақтанышым"

23.02.2024 жылы Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде ТжКБ колледждерінің білім алушылары арасында "Бухгалтерия XXI - Менің мамандығым-менің мақтанышым" атты II қалалық байқау өткізілді, оған Алматы қ., Алматы, Абай және Жетісу облыстарының 13 колледжінен 15 команда қатысты.

Zhas Maman-2024 мамандықтар жәрмеңкесі

Алматы қаласы Білім басқармасының "73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектебі" мекемесінде " Zhas Maman-2024 мамандықтар жәрмеңкесі "өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласының 30-ға жуық колледжі қатысты.

Әдістемелік кеңес

Колледжде әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысыта директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Хусаинова, директордың оқу- әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Ж. Нуркасова, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ұ.Садықов және әдіскер Ү. Тұрсынбекқызы әдістемелік кеңестің отырысының күн тәртібіне сәйкес баяндамалар жасады

Педагогикалық оқу

13 ақпан күні колледжде әдістемелік бөлімнің ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы колледжішілік Педагогикалық оқулар өткізілді.

Жас мамандар мектебі

12 қаңтарда колледжде «Жас мамандар мектебі» тыңдаушылары мен тәлімгерлерінің қатысуымен әдістемелік семинар өткізілді.

Халықаралық тағылымдама бойынша қалалық есеп беру семинары

22 желтоқсанында колледжде «Қонақ үй бизнесі, ресторандар, тамақтандыру сферасы, менеджмент» бағытымен заманауи өндірістік технологияларды, WS стандарттарын ендіру бойынша білім беру үрдістерін ұйымдастыруда еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық тағылымдама бойынша қалалық есеп беру семинары өтті.

Республикалық Гранд турнирі

«Есеп және қаржы» циклінің оқытушысы Муратова Роза Нысанбековнаның жетекшілігімен 3 есеп А тобының білім алушысы Мустафина Аяулым «Табиғи таза органикалық тыңайтқыш – Биогумусты өндіру және ұйымдастыру» тақырыбында бизнес – жобасын қорғап, қалалық Гранд - турнирдан 1 – орын, Республикалық Гранд – турнирдан 3 – орынға иеленді.

Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясы

Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясында біздің колледжің математика пәні оқытушысы Әбдісана Ұлбосын «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясын математика сабағында қолданудың тиімділігі» баяндамасымен «Ең үздік баяндама» номинациясымен марапатталды.

«Болашақ формуласы» қалалық ғылыми жобалар байқауы

Алматы қаласы білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы құрылыс –техникалық колледжі ұйымдастыруымен , Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Болашақ формуласы» қалалық ғылыми жобалар байқауында, педагогика бағыты бойынша колледжіміздің «Менеджмент» мамандығы бойынша 1 курс студенті Ардақ Еңлік жүлделі III орынға иеленді.

«Болашақ формуласы» қалалық ғылыми жобалар байқауы

Алматы қаласы білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, «Алматы құрылыс –техникалық колледжі» ұйымдастыруымен , Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Болашақ формуласы» қалалық ғылыми жобалар байқауында, сервис бағыты бойынша колледжіміздің 1 курс студенттері бойынша Нұрдаулет Қымбат пен Казиз Әмина жүлделі1 орынға ие болып, жеңімпаз атанды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы»

Сайлыбаев Алмас Майртбекович «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Әлеуметтік -эмоционалды сауаттылық» номинациясы бойынша жулделі 2 орын иеленді!!!!

Жас мамандар мектебі

11 желтоқсан колледжде «Жас мамандар мектебі» тыңдаушылары мен тәлімгерлерінің қатысуымен «Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа уйрету» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты: жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

«Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру»

2023 жылдың 7 желтоқсанында колледжде арнайы пән оқытушылары мен колледж әкімшілігінің қатысуымен «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Жас мамандар мектебі

Семинарда «Арнайы пәндерді оқытуда SMART технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» және «Дене тәрбиесі сабағын оқытуда қолданылатын жаңа әдістер мен оқыту құралдары» тақырыптары бойынша шеберлік кластары мен тренинг өткізілді.

Бизнес – жоба

«Есеп және қаржы» циклінің оқытушысы Муратова Роза Нысанбековнаның жетекшілігімен 3 есеп А тобының білім алушысы Мустафина Аяулым «Табиғи таза органикалық тыңайтқыш – Биогумусты өндіру және ұйымдастыру» тақырыбында бизнес – жобасын қорғап, қалалық Гранд - турнирдан 1 – орынды иеленіп, Республикалық Гранд – турнирдың екінші турына өтті. Сәттілік тілейміз !

«Қазақстан адам ресурстары»

27 қазан 2023 ж Алматы мемлекеттік бизнес колледж қызметкерлеріне арналған Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы қолдауымен «Қазақстан адам ресурстары» жеке мекемесімен ұйымдастырылған «Өмір – ең басты құндылық» жобасы аясында, «Суицидпен күресу шаралары» атты тақырыптық семинар өтті.

Халықаралық тағылымдамадан өтуде

Алматы мемлекеттік бизнес колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 22.10.-11.11.2023 ж. аралығында халықаралық тағылымдамадан өтуде.

Бауырсақ Fest -2023

Республика күні қарсаңында және Халықаралық аспаздар күніне орай Әуезов ауданында «Бауырсақ Fest -2022» байқауы өтті. Фестивальдің мақсаты- аспазшы мамандығының қоғам үшін маңыздылығын көрсету, осы мамандықтың беделін арттыру,сондай – ақ болашақ мамандарды қолдау.

"Визуалды мерчендайзинг және витринистика"

Менеджмент және Маркетинг онкүндігінің аясында "Визуалды мерчендайзинг және витринистика" біліктілігі бойынша колледж ішілік жарысы өтті. Жүлделі орынға ие болған студенттер: 1 орын - Стрельникова Вероника 3 марк Г тобы, 2 орын - Төре Томирис 3 марк Б тобы, 3 орын-Корнеевец Елизавета 3 марк Г тобы.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес

2023 жылдың 17 қазанында Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері А.Н.Амировамен және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, репродуктивті денсаулығын сақтауға және нығайтуға, АИТВ-инфекциясының және басқа да әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алуға бағытталған DANCE4LIFE халықаралық жобасының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Ата - аналар жиналысы

2023 жылдың 18 қазан күні колледж әкімшілігі мен Алмалы ауданының ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры З.Н.Бейсенова мен М.О.Симованың қатысуымен online және offline форматта 1 курс студенттерінің ата-аналар жиналысы өтті.

"Маркетингтік квиз"

"Менеджмент және маркетинг" ПЦК онкүндігі аясында 3 курс білім алушылардың арасында маркетологтарға арналған "Маркетингтік квиз" викторинасы өткізілді. Викторинада 3 Марк Д және 3 Марк Г топтарының білім алушылары қатысты.

«Прям в десятку» викторинасы

«Менеджмент және маркетинг» циклі бойынша мамандықтардың декадасының аясында 2023 жылдың 17 қазанында «Маркетинг» және «Менеджмент» мамандықтары 1 курс студенттері арасында «Прям в десятку» викторинасы өтті.

«Алматы дарыны»

2023 жылдың 28-ші қыркүйек пен 2-ші қазан күндері «Алматы дарыны» орталығы мұғалімдер күніне орай колледж студенттері арасында қалалық «Менің ұстазым» атты байқауы өтті.Колледжімізден 11 студент қатысты. Қазылар алқасының мүшелері қорытындылай келе, байқаудың 3 номинациясы бойынша колледж білім алушыларын жеңістерімен құттықтаймыз

«Менеджмент акулалары» тақырыбында интеллектуалды ойын

«Менеджмент және маркетинг» циклінің онкүндігі аясында 2023 жылдың 13 қазанында «Менеджмент» мамандығының студенттері арасында «Менеджмент акулалары» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.

«Кәсіпкерлік»

«Менеджмент және маркетинг» циклінің онкүндігі аясында 2023 жылғы 12 қазанда «Кәсіпкерлік» тақырыбында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді, кәсіпкерліктің өзекті мәселелері және оның даму тенденциялары талқыланды.

"Менің сүйікті мамандығым" блиц ойыны

"Менеджмент және маркетинг" ӘЦК онкүндігі аясында "Менің сүйікті мамандығым" блиц ойыны өтті. Байқау 4 кезеңде өткізілді, 3 Марк Б, 3 Марк Д, 3 Марк А, 2 Марк Б топтардың арасында 4 команда қатысты

Менеджмент және маркетинг

10 қазанда "Менеджмент және маркетинг" циклінің онкүндігі ашылды. Бағдарлама керемет музыкалық және би нөмірлерімен ұсынылды. Іс-шараға 1,2,3 курс студенттері қатысты.

Ұстаздар күні!

Ұстаз — білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек студенттер, оқытушылар мен ата-аналар үшін - ерекше күн. Біздің колледж тарихы үшін бұл мереке маңызды оқиға болып табылады, болашақ мамандарымыздың жаңа буынын қарсы алу сәті. Білім күні- құтты болсын!