Zhas Maman-2024 мамандықтар жәрмеңкесі

23.02.2024 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының «73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектебі» мекемесінде » Zhas Maman-2024 мамандықтар жәрмеңкесі «өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласының 30-ға жуық колледжі қатысты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты-жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына, тиісті білім алуға болатын оқу орнын таңдауға көмектесу.

Осыған байланысты, біздің колледждің бөлім меңгерушілері Г.Айткулова, А. Алишова, А. Искакова білім алушыларға өз жолын және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу үшін кәсіби бағдар жүргізді.