ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Жарнама

 

МКҚК «Алматы
мемлекеттік бизнес колледжі» 
 

Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім,
жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі
болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2
жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4
жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға
құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Конкурсты
өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.

 

 

 

Қажетті құжаттар тізімі:

– Басшының атына өтініш;

– жеке басын куәландыратын құжат
не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған
жеке іс парағы;

– педагогтердің үлгілік
біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

– еңбек кітапшасының расталған
көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);

– денсаулық жағдайы туралы
медициналық анықтама (санитарлық кітапша);

– психоневрологиялық ұйымнан
анықтама;

– наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Ұлттық біліктілік тестілеу
сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының,
педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік
(болған жағдайда);

– Бағалау парағы (колледж пәндік
циклында толтырылады);

– біліміне, жұмыс тәжірибесіне,
кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,
ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік
жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс
орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

 

          Конкурсқа
қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған
жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы
дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.

 

 

          Конкурстық
комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты
(мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.

 

Ескертпе: Қажетті құжаттар
тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері
қайтару үшін негіз болып табылады.

Колледжде
жұмыс жасамаған талапкерлер үшіналдын
ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, санитарлық кітапша (конкурс
бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.

 

Құжаттарды
мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: info@
ambk.kz    мекен-жайы: 050012,
Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 95, каб.101.

Толығырақ
ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 701 167 8707,
8(727) 2927768 (ішкі номер 133).