Пәндік-циклдік комиссиялар

Пәндік-циклдік комиссия-бұл негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі процесті қамтамасыз ету, педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында құрылған комиссия.

Пәндік-циклдік комиссия-бұл бірқатар ұқсас пәндер оқытушыларының бірлестігі, ПЦК дайындық бағыттарының оқу жоспарының құрылымын ескере отырып, ұқсас пәндер оқытушыларынан құрылады.

ПЦК мүшелерінің тізімін, қалыптастыру тәртібін, сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ПЦК төрағасын колледж директоры бекітеді. ПЦК-ға тікелей басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады.

Пәндік-циклдік комиссиялар қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын; әдістемелік құралдарды, пәндердің жеке тақырыптары мен бөлімдерін зерделеу, практикалық жұмыстарды орындау, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
  2. Оқыту технологиясын қамтамасыз ету, оқыту құралдары мен әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау.
  3. Оқытушылардың әдістемелік және кәсіби шеберлігін жетілдіру, олардың кәсіби білімдерін толықтыру, жас оқытушыларға көмек көрсету, ПЦК құрамына кіретін оқытушыларды аттестаттау бойынша ұсыныстар енгізу.
  4. Білім беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін зерделеу, қорыту және енгізу, ашық сабақтарды дайындау, өткізу және талқылау.
  5. Студенттердің ғылыми, шығармашылық жұмыстарына басшылық жасау.
  6. Оқу пәндері кабинеттерінің жұмыс мазмұнына бірыңғай талаптарды әзірлеу, оқытушылардың жұмыс жоспарларын, ашық сабақтарды өткізу жоспарларын, пәндік-циклдік комиссияның құзыретіне жататын басқа да материалдарды қарау және талқылау.

Әрбір пәндік-циклдік комиссияның колледждің негізгі әдістемелік проблемасының тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленген өз жұмыс жоспары бар. Оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып, оқытушылар болашақ маманның тұлғалық-кәсіби қалыптасуына көп көңіл бөледі, өзін-өзі жүзеге асыру мен шығармашылық үшін жағдай жасайды, қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілікті тәрбиелейді.

АГБК педагогикалық ұжымының әдістемелік қызметі құрылымының басты буыны 8 циклдық комиссия болып табылады: