2023 ж. 26 сәуірде Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Индустриалды  кеңес отырысы өтті. Кеңестің  басты мақсаты  – ұлттық экономиканың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін  білім беру бағдарламаларының  сапасы бойынша  әлеуметтік  серіктестердің өзектілігі, сапасы мен мазмұны бойынша кеңестер мен ұсыныстар беруі.

Жиында  келесі сұрақтар қарастырылды: Индустриалды кеңестің құрамын және төрағасын, Тамақтандыруды ұйымдастыру , Нан, макарон және кондитерлік өндірісі , Маркетинг, Менеджмент, Есеп және аудит  мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының бекіту. Кездесуге колледждің аталған мамандықтар бойынша 15 әлеуметтік серіктестері қатысты.Кездесудің нәтижесінде колледждің әлеуметтік серіктестерінің ұсыныстары мен кеңестері тыңдалып, білім беру бағдарламалары бекітілді.Индустриалды  кеңестің төрағасы болып колледж түлегі,  «Sandyq» ұлттық тағамдар мейрамханасының  бренд-шефі  Сқақ Манас сайланды.

 Отырыстың модераторы: директордың Оқу әдістемелік бірлестігі бойынша  орынбасары  Нуркасова Ж.