Ұстаздар күнімен құттықтау

Ұстаз — білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ұжымы кәсіби мерекемен барша ұстаздар қауымын құттықтайды. Мерекелеріңізбен, Ұстаздар!