халықаралық тағылымдама бойынша қалалық есеп беру семинары

22 желтоқсанында колледжде «Қонақ үй бизнесі, ресторандар, тамақтандыру сферасы, менеджмент» бағытымен заманауи өндірістік технологияларды, WS стандарттарын ендіру бойынша білім беру үрдістерін ұйымдастыруда еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық тағылымдама бойынша қалалық есеп беру семинары өтті.

Семинардың мақсаты халықаралық тағылымдама қорытындысы бойынша оқу-өндірістік үрдістерді ұйымдастыру бойынша тәжірибемен бөлісу.  

Семинарды ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Білім басқармасы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі.

Семинарға Алматы қаласының ТжКББ ұйымдарының әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинарда халықаралық тағлымнама бойынша түрлі ақпараттар беріліп, семинар қатысушыларымен түрлі интерактивті жұмыстар ұйымдастырылды.