«Мамандық әлемі»

Технологиялық пәндер циклы бірлестігі ұйымдастыруымен «Мамандық әлемі» технофест апталығы аясында «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша «Нан-Fest» қалалық кәсіби конкурсы өтті. Конкурсқа Алматы технологиялық-қаржы және инновация-техникалық колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері қатысты. Әділ-қазылар алқасы: Нургуль Базиловна Батырбаева – PhD профессоры, АТУ;
Меруерт Пернебаевна Байысбаева – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, АТУ;
Анель Кайртаевна Булатаева – «МАК» кондитерлік цехы, өндіріс меңгерушісі.
Студенттер өндірістік оқыту шеберлері жетекшілігімен қатысты. Конкурс қорытындысы:

1 орын – Ангелина Адарич – Алматы технологиялық-қаржы және инновация-техникалық колледжі

2 орын – Ілияс Срабай – Алматы мемлекеттік бизнес колледжі;

3 орын – Шұғыла Болатқызы – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі.

3 орын – Жанайым Мергенбаева – Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі.

Студенттер медальдармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.