Педагогикалық оқу

13 ақпан күні колледжде әдістемелік бөлімнің ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы колледжішілік Педагогикалық оқулар өткізілді.

Мақсаты: педагогтер арасында кәсіби шығармашылық қарым-қатынас орнату, тимді инновациялық педагогикалық тәжірибемен бөлісу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және анықтау үшін арнайы алаң кұру.

Педагогикалық оқуларға колледжің жалпы білім беру пәндері мен арнайы пәндер оқытушылары Оразбекова С., Досайбекова Ә., Жармуханбетова Р., Искакова А., Сайлыбаев А. қатысып, келесі басым бағыттары бойынша  өз жобаларын ұсынды:

  • Тілдік пәндер сабақтарында коммуникативтік тәсіл шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • Білім беру процесінде STEM/STEAM технологияларын қолдану: теориядан практикаға;
  • ТжКБ білім алушыларын даярлау саласын арттыру үшін цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру.

Қатысушылардың Педагогикалық оқуларға ұсынған жобаларының тақырыптары өзекті, Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамыту басымдылықтарына сәйкес таңдалған.

Жобалар, мазмұны бойынша  Педагогикалық оқулардың бағыттары мен тақырыптарына сәйкес және колледж деңгейінде практикалық тұрғыда жүзеге асырылған.

Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасының мүшелері  Нуркасова Ж., Хусаинова Г., Садыков Ұ., Алдунгарова Г., Ибрагимова М. бағалап, әділ шешімдер шығарды.