Ата - аналар жиналысы

2023 жылдың 18 қазан күні колледж әкімшілігі мен Алмалы ауданының ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры З.Н.Бейсенова мен М.О.Симованың қатысуымен online және offline форматта 1 курс студенттерінің ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста оқу процесін, тәрбие жұмысын және жатақхана жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері жиналғандарға заңнамадағы өзгерістер туралы және кәмелетке толмағандардың ата-аналарының жауапкершілігін арттыру туралы түсіндірді.
Ата – аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды студенттердің үлгерімі мен мінез-құлқы, тәрбие қызметінің бағыттары туралы ақпараттандыру және ағымдағы мәселелерді шешу. Ата-аналар балаларының оқуын ұйымдастыру және студенттік өмір туралы жағымды эмоцияларымен бөлісті.