«Мамандық әлемі»

Бүгін, 28.02.2024 жылы технологиялық пәндер циклы бірлестігі ұйымдастыруымен  «Тамақтандыру индустриясы» бөлімі студенттері үшін «Мамандық әлемі» технофест апталығы ашылуының іс-шарасы өтті. «Мамандық әлемі» технофест апталығының міндеттері: оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін арттыру; студенттердің кәсіби даярлығының сапасын арттыру; аспаздық және нан пісіру кәсіптерін танымал ету; студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға деген қажеттіліктерін дамыту.

      Апталық барысында арнайы пәндер оқытушысы Б. Бердібеков «Ірімшіктен фондю» тағамынан шебер-сынып өткізді. 3 курс студенттер «Паназия асханасының тағамдарынан» көрме ұйымдастырды. Студенттер паназия асханасы тағамдарының ерекшеліктерімен, дайындау технологиясымен таныстырды. Апталықтың ашылу салтанаты дегустациямен аяқталды.