әдістемелік кеңес

Колледжде әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысыта директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Хусаинова, директордың оқу- әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Ж. Нуркасова,  директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ұ.Садықов және әдіскер Ү. Тұрсынбекқызы әдістемелік кеңестің отырысының күн тәртібіне сәйкес баяндамалар жасады:

  1. Бірінші жарты жылдық бойынша оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талдауы.
  2. Оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының жарты жылдық есебі.
  3. Жасанды интеллект, мүмкіндіктері мен әлеуеті.
  4. Колледжішілік «Педагогикалық оқулардың» ұйымдастырылуы және нәтижелері.

Отырыс барысында мәселелер талқыланып, пікірлер алмасты және оқытушылар тарапынан қаралған сұрақтар бойынша ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар колледжішілік «Педагогикалық оқулардың» жеңімпазы мен жүлдегерлеріне дипломдар табысталды:

1 дәрежелі диплом- А. Искаова;

2 дәрежелі диплом- С. Оразбекова;

2 дәрежелі диплом- Р. Жармуханбетова;

3 дәрежелі диплом- А. Досайбекова;

3 дәрежелі диплом- А. Сайлыбаев.