"Маркетингтік квиз"

17.10.2023 жылы «Менеджмент және маркетинг» ПЦК онкүндігі аясында 3 курс білім алушылардың арасында маркетологтарға арналған «Маркетингтік квиз» викторинасы өткізілді.
📌Викторинада 3 Марк Д және 3 Марк Г топтарының білім алушылары қатысты.
✅ Викторинаның мақсаты:
1.Маркетингтік ойлауды дамыту;
2.Кәсіби модульдерді зерттеуге қызығушылықты қалыптастыру;
3.Зияткерлік бос уақытты насихаттау.
Викторина барысында болашақ мамандықты оқытуға ынталандыру құралы ретінде зияткерлік тапсырмалар қолданылды.
📚 Осындай іс-шараның арқасында білім алушылар өздерінің экономикалық көзқарастарын кеңейтіп, сондай-ақ бәсекеге қабілетті ортада өздерінің ақыл-ой, шеберлік қабілеттіліктерін көрсетті.
📌Байқау қорытындысы бойынша біздің білім алушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен және жүлделі орындарға мадақтамалармен марапатталды!
Ашық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Іс-шараны ұйымдастырушылар: арнайы пәндер оқытушылары
Амирбекова К. К., Тұмарбекова М. М.