Бауырсақ Fest -2023

Республика күні қарсаңында және Халықаралық аспаздар күніне орай Әуезов ауданында «Бауырсақ Fest -2023» байқауы өтті. Фестивальдің мақсаты- аспазшы мамандығының қоғам үшін маңыздылығын көрсету, осы мамандықтың беделін арттыру,сондай – ақ болашақ мамандарды қолдау.

Іс – шара Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ұйымдастырылып, оған аудан колледждерінің оқу өндіріс шеберлері қатысты.

Шарада 5 номинация бойынша өнер көрсетілді: Аrt стол, дәстүрлі бауырсақ, ши бауырсақ және авторлық бауырсақ.

Жиын барысында байқау қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, олардың дайындығымен танысты.

“Бауырсақ fest” фестивалінде 6 колледждер арасында Алматы мемлекеттік бизнес колледждің оқу өндірістік шеберлері осындай жүлделі орындарға ие болды және колледж тарапына алғыс хат.

  • 3 орын “Ши бауырсақ” Диханова Айгерім Нарикқызы
  • 3 орын “Авторлық бауырсақтан” Арғынбаева Ақбота Ғалымжанқызы