Ұстазым саған, мың алғыс

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Ұстазым саған, мың алғыс» атты мерекелік іс-шара өтті. Халықаралық Ұстаздар күніне орайластырылған мерекелік концерт колледж оқытушыларының құрметіне орай ұйымдастырылды. Колледж директоры Ғалым Ілесханұлы ардагер ұстаздарды арнайы шақырып, жас мамандармен жүздестірді. Көптеген жылдар бойы колледж директоры болып жұмыс істеген Гүлфайруз Кабденовна өзінің жылы естеліктерімен бөлісіп, ұжымға құттықтауымен қатар ақыл-кеңестерін, тәжірибесін де айтып өтті. Ұстаз еңбегінің артықшылықтары мен қиындықтары, білім жолындағы тәжірибелері мен ұстанымы туралы кеңінен баяндады. Оқытушы мамандығын таңдаған қадірлі ұстаздарға марапатқа толы құрмет және алғыс хаттар да тапсырылды. Әсерге толы кездесуді студенттер орындаған ән мен би, күй толықтырды. Бұдан бөлек ұстаздарды арнайылап құттықтай келген әншілер Б.Досыбаев, Ұ. Ибраим, А. Бекзат, А. Балтабекұлы ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.