Декаданың ашылуында 1 ХП А, Б топтары өз қолдарымен жасалған кулинар және кондитер өнімдерінен көрме ұйымдастырды.
3 курс білім алушысы Төлеген Ж. столды сервиздеу түрін көрсетті және
Захарчук А., Ефименко А. көрермендер назарына әртүрлі коктейльдер жасап, дәм татқызды.
Сол сияқты 3 тех А тобы көрермендерді би өнерімен тәнті етті.
03.03.2023. Капасова Ж.А., Моисеева О.К., Бердибеков Б.А. «Өз үйімнің төрінде» атты тақырыппен колледж түлектерімен кездесу өткізді.
Кешегі біздің студенттер- бүгінгі әлеуметтік серіктестер. Олар 1 курс студенттерімен ашық әңгімелесіп, олардың сұрақтарын жауап беріп, студенттік кезіндегі қызықты сәттерімен бөлісті. Әрқайсы осындай биік жетістіктерге қалай жеткендері туралы баяндап, мамандыққа деген қызығушылықты одан да әрі оятты.