Адалдық алаңы

16.09.2022ж. АМБК базасында  Алматы қаласы , Алмалы ауданы әкімі аппараты мен Алмалы ауданы бойынша  «Adaldyk alany» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен, аудан аумағында орналасқан колледждер мен орта мектеп директорларының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және жастар ұйымдарының жетекшілеріне арналған – « Құқықтық, мәдениет, жасөспіремдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтудың негізгі шарты ретінде»  тақырыбында – семинар өтті. Семинарға шақырылған Алмалы ауданы ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы, заңгер, медиаторлар ақпараттарымен бөлісіп, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу іс- шаралары бойынша мазмұнды мәліметтер берді. Алдағы уақытта да «Жастар арасындағы әлімжетік фактілері, булинг мәселелері аудандағы білім мекемелерінде талқыланады» – деген шешім қабылданды.