Педагогтар арасындағы қалалық кәсіби шеберлік байқауы

2023 жылдың наурызында Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында қалалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
БАЙҚАУ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ БОЙЫНША «Наубайхана ісі», «Мейрамхана қызметі» құзіреттіліктері бойынша өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты ТжКББ жүйесінің шығармашылығы, дарынды педагогтарын анықтау, қолдау және озық педагогикалық тәжірибені тарату, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру, WorldSkills халықаралық стандарттарын ұлттық бағдарламаларға енгізу болып табылады.

Байқау нәтижесі бойынша колледжіміздің педагогтары:
Диханова Әйгерім «Наубайхана ісі» құзіреттілігі бойынша – 1 орын.
Арғынбаева Ақбота «Мейрамхана қызметі» – 2 орын.

«Наубайхана ісі» құзіреттілігі бойынша – Диханова Әйгерім Ақтау қаласында өтетін Республикалық кәсіби шеберлік байқауына жолдама алды.

Әріптесімізге сәттілік тілейміз!