«Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы»

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі мен Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар коледжінде 2023 жылдың 27 наурызы мен 8 сәуір аралығында Алматы қаласының ТжКБ онкүндігі шеңберінде «Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы» қалалық фестивалі аясында волейболдан Алматы қаласы аудандық мектептерінің оқушылары және 1 курс колледж студенттері қыздар және ұлдар арасында воллейболдан жарыс өтті!
Тартысты жарысқа 8 ауданнан командалар қатысып, қыздар арасынан жүлделі:
1 орынды – Әуезов ауданы;
2 орынды – Алатау ауданы;
3 орынды – Медеу ауданы иеленді!