«Жаңарған Қазақстан экономикасына менің кәсіби үлесім»
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің білім алушылары «Халықаралық менеджмент және сервис» колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңарған Қазақстан экономикасына менің кәсіби үлесім» тақырыбындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
2023 жылдың 24 ақпаны мен 17 наурызы аралығында өткен Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция 4 кезеңнен және 6 бағыттан (маркетинг, банк және сақтандыру, есеп және аудит, экономика, қаржы, менеджмент) тұрды.
Сараптамалық комиссия үздік ғылыми жұмыстарды таңдап, Алматы қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапаттады:
Алматы қаласының колледж студенттері арасындағы «Жаңартылған Қазақстан экономикасына менің кәсіптік үлесім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның ГРАН ПРИ иегері Мубаракова Зарина, Канивец Лидия марапатталды. Жетекші Бутабаева Назгуль Куанышбаевна, Туриспаев Ержан Молдагалиевич.
«Маркетинг» бағыты бойынша 1-орын Серік Анель, Дуйсенбай Томирис марапатталды. Жетекші Шокенова Казна Есимбаевна, Чайнусипова Данагуль Ермакановна.
«Банк және сақтандыру ісі» бағыты бойынша 2-орын Тоқпаева Құралай марапатталды. Жетекші Садыков Ұлан Ерболұлы.
«Есеп және аудит» бағыты бойынша 2-орын Керімхан Ернар, Серікбек Диана марапатталды. Жетекші Кумарханова Нургуль Нурмышовна.