«Кәсіптік білім: Табысқа жету жолы»

2023 жылдың 29 наурызында «Кәсіптік білім: Табысқа жету жолы» қалалық жұмысшы кәсіптер фестивалі аясында, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі Алматы қаласының мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін колледждің серіктестерінің тәжірибе базаларына – «Grand Zina» мейрамханасы, «Line Brew Best» кафесі, «Қарлығаш» кафесі, «Media» кафесіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға қаланың 4 мектебінен оқушылар қатысты.