Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

21 қыркүйекте АМБК колледжінің студенттері үшін жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Бұл іс-шара экстремистік әрекетті алдын алуға, жастардың бойында ынтымақтастық сезімін, бір-біріне құрметпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған. Дәріскер жастар арасындағы деструктивті мінез-құлықты анықтау формалары және осы бағыттағы күрес тәсілдері сияқты маңызды мәселелерді қозғады. Экстремизм және терроризмнің әртүрлілігі халықаралық қоғамдастық үшін де, атап айтқанда біздің мемлекет үшін де нақты қауіп төндіреді.