Ашық есік күні

Осы жылдың 14 сәуірі Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде кезекті Ашық есік күні өтті, оған Алматы облысы Жамбыл ауданының 9-сынып оқушылары ұстаздары мен ата-аналарымен бірге болды.

Осы іс-шара аясында қонақтар колледжге экскурсия жасап, «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Маркетинг» мамандықтары бойынша оқу сабақтарына, дене шынықтыру пәнінен ашық сабаққа қатысты.

Оқу зертханаларында, шеберлік сабақтарында «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі», «Қоғамдық тамақтандыру» және т.б. мамандықтар бойынша нан өнімдерін, дастархандарды дайындау процесін көруге мүмкіндік болды.

Сондай-ақ, қонақтарға Қазақстан ғашықтары күніне арналған колледж студенттерінің дайындаған концерті ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде мектеп оқушылары колледжіміздің қызметі туралы толық ақпарат алды.