Қош келдің, әз Наурыз!
20 наурыз күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Менеджмент және маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Мерекелік іс шара аясында салтанатты концерт; этно – мәдени бұрыш; «Ұлттық салт-дәстүрге, мақал – мәтелге байланысты викториналық сұрақтар»; «Қабырға газеті» конкурсы; «Қол өнер» көрмесі және ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Белсенді қатысушыларға және байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, диплом және алғыс хаттар табысталды.





