Қош келдің, әз Наурыз!

20 наурыз күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Менеджмент және маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!»  атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс шара аясында салтанатты концерт; этно – мәдени бұрыш; «Ұлттық салт-дәстүрге, мақал – мәтелге байланысты викториналық сұрақтар»; «Қабырға газеті» конкурсы; «Қол өнер» көрмесі және ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Белсенді қатысушыларға және байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, диплом және алғыс хаттар табысталды.