колледж ішілік Педагогикалық оқу

2023 жылдың 30 қаңтарында колледж ішілік Педагогикалық оқулар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.
Іс-шараға қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері бойынша 8 жұмыс ұсынылды.
Әділ қазылар алқасы: ұсынылған жұмыстарды әділ бағалап, жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтады:
I дәрежелі жеңімпаз дипломы:
Ұлан Ерболұлы, арнайы пәндер оқытушысы, колледж әдіскері. Арнайы пәндерді оқытуда блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құру мен білімдерін бағалаудың тиімділігі
II дәрежелі Дипломы:
Мақсат Мухамбетұлы, арнайы пәндер оқытушысы. Joyteka платформа для учителей.
III дәрежелі Дипломы:
Меруерт Ержанқызы, арнайы пәндер оқытушысы. Сандық технологиялардың және оқыту құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып кәсіптік білім беру (оқыту) процесі.
Қалған оқытушылар колледж ішілік Педагогикалық оқулардың қатысушылары ретінде сертификаттарға ие болды – Куралай Кабылдаева, Динара Дүйсебекқызы, Лейла Темиряновна, Ақжол Керимжанович, Жадыра Шаяхметова.
Педагогикалық оқуларды өткізу педагогикалық ғылым мен практиканың интеграциясын, білім беру үдерісіндегі инновациялық қызметтің мақсатты дамуын қалыптастыруды көрсетті.
Педагогикалық оқуларға қатысқан педагогтарға алғыс білдіреміз және кәсіби жетістіктер тілейміз!