«Педагогикалық тәжірибе панорамасы»

2023 жылғы 31 мамырда АМБК базасында Алматы қаласы білім басқармасының ҚББЖТҒӘО ТжКБ бөлімінің жоспарына сәйкес «Олимпиадалар мен конкурстар, болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлау құралы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарын даярлау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға Алматы қаласы колледждерінің педагог-тәлімгерлері мен жас педагогтары қатысты.
Семинар барысында заманауи білім беру үдерісінде жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ететін өзекті мәселелер талқыланды.
Семинарда біздің колледждің озық педагогикалық тәжірибе оқытушылары  Ибрагимова М. пен Бутабаева Н. білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және оқытушылардың оқу құралдарын әзірлеу мәселелері бойынша өз жұмыс тәжірибесінен тиімді тәжірибелер ұсынды.
Әріптестердің бір-бірімен әңгімелесу, пікір алмасу және өз тәжірибелерімен бөлісу барысында болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлау бойынша проблемалық мәселелер белгіленді.