Түркияда тәжірибеден өткен студенттермен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында колледжде 2022 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Анталия жағалауындағы қонақүйлерде тәжірибеден өткен студенттермен есептік кездесу өтті.

«Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі» МКҚК мен «Caspian Center (Каспий орталығы)» ЖШС (бұдан әрі-орталық) арасындағы 2021 жылғы 1 қарашадағы Түркия Республикасының Анталия провинциясының қонақ үйлерінде студенттердің тағылымдамадан өтуі туралы Келісім шеңберінде 13 студент практикадан өтті.

    Практика қорытындысы бойынша колледж студенттері өздерінің кәсіби және коммуникациялық дағдыларын арттырып, ағылшын тілін тереңдетіп, түрік тілін үйренді. Сондай-ақ, студенттер Анталия жағалауында демалып, түрік халқының мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды