Жақсы көңіл-күй – жан тыныштығы

 
АМБК базасында «Жақсы көңіл-күй – жан тыныштығы» атты педагогтарға арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, топта жағымды қарым-қатынасты дамыту; өмірдегі оптимизм деңгейін арттыру; жұмыс үшін жақсы көңіл-күй қалыптастыру; фрустрация (стресс) деңгейін төмендету; топтық ұйымшылдық пен тұлғааралық эмпатияны арттыру; шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым – қатынас орната білу;