WorldSkills

28 қазан күні колледжде «Менеджмент және маркетинг» ПЦК онкүндігі аясында  «WorldSkills» стандарттарына сәйкес «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша өңірлік чемпионатына колледж ішілік іріктеу сайысы өтті. Сайысқа колледждің 2-3 курс студенттері- Шоңай Назерке, Төре Томирис, Дүйсенбай Томирис, Айтан Аида, Югай Анастасия, Қожахмет Нурислам қатысты. Сайыс барысында студенттер өздерінің даралығы мен шығармашылық қабілетін, дизайнерлік және көркемдік идеяларын  көрсетті.

Сайыс «WorldSkills» стандарттарына сәйкес алты сағат жалғасты. Сайыстың нәтижесі бойынша Шоңай Назерке-1 орын, Төре Томирис- 2 орын, Дүйсенбай Томирис- 3 орынға иеленді.

Өңірлік «WorldSkills Almaty-2022» чемпионатына Шоңай Назерке жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен  құттықтаймыз! Конкурс қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!

Сайыстың ұйымдастырушысы және координаторы- колледждің арнайы пәндер оқытушысы, «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Almaty» өңірлік чемпионатының компатриоты Оспанов Саятқа алғыс айтамыз және шығармашылық табыстар тілейміз!