Халықаралық семинар

2023 жылғы 20 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары  Дуйсенбаева У.К., өндірістік оқыту шеберлері Арғынбаева А.Ғ., Диханова Ә.Н., Шыңғожанов А.Б Шымкент қаласында өтіп жатқан “WorldSkills  стандарттары негізінде кәсіби шеберлікті қалыптастыру” Халықаралық семинар – практикумға қатысты. Семинардың ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының Білім басқармасы, ҚР колледждер қауымдастығы, МЕТРО. Ресейдің тренерлері қазіргі таңдағы WS сарапшылары болып табылады. Біздің оқытушылар Заманауи аспаз, Наубайшы шеберлігі, Мейрамхана ісі бойынша 3 мастер – классқа қатысып келді.