жаңалықтар

3-ші курс студенттерінің «Экономикалық талдау және қаржылық талдау» пәні бойынша оқу тәжірибесі аяқталды

2021 жылғы 14 қыркүйекте «Қаржы және экономика» бөлімінде  экономикалық және қаржы талдау (АФО) оқу тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Онда студенттер мен оқытушылар оқу тәжірибесінің қорытындысын шығарды.

Студенттер тәжірибе кезінде 2 апта бойы зерттеген компанияларға тоқталып, олардың қаржылық жағдайына талдау жасап, алған мәліметтермен бөлісті. Компанияның жетістіктері, жұмыс жасаудағы қол жеткізген нәтижелері, туындаған қиындықтар туралы айтты.

Конференцияда «қаржы және экономика» бөлімінің атынан тәжірибе жетекшісі және әлеуметтік серіктесіміз Туриспаев Ержан Молдагалиевич,  экономика ғылымдарының магистрі жоғары дәрежеде студенттерге шынайы түрде алғысын білдіріп, қаржылық талдау пәні бойынша сертификат пен «1 С» бағдарламасы бойынша оқу курсына -15%  жеңілдіктерді табыс етті.

Колледж әкімшілігі және әдіскерлері студенттерді оқу тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеруімен құттықтап, алдағы өндірістік тәжірибеден табысты өтуге тілек білдірді.