Новости
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!
27 ақпанда Н.Ә.Назарбаев қазақ еліне көпбалалы ана мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырған еді.
Халықаралық және мемлекеттік жаңалықтармен тапсырмалардан әрқашан хабардар болып жүретін Алматы мемлекеттік бизнес колледж ұжымы алғашқылардың бірі болып қолға алып, ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында білім беріп отырған шәкірттерінің ішінен әлеуметтік қамқорлыққа зәру отбасы мен көпбалалы отбасынан шыққан шәкірттеріне үлкен сый құрмет көрсетіп, көпбалалы алтын, күміс алқа иегерлерін қонаққа шақырып марапаттап, сыйлықтар ұсынды. Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде білімалушыларды кәсіби маманға дайындаумен қатар, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еңбегін ешкім ешуақытта өтей алмасын, алайда ана есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы екенін түсіндіріп, тәрбиелеп келеді.
Нәтижесінде көпбалалы отбасынан шыққан және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 60 білімалушыға қаржылай сыйақы ұсынылып, колледж оқу озаттарының шәкіртақыларына қосымша қаражат қосып оқу, білімге деген құштарлықтарын арттырды.
Колледж ұстаздары мен білімалушыларына колледж дирекциясы атынан мерекелік дастархан жайылып, наурыз көжемен, ұлттық тағамдардан дәм татырды.