Новости

    19 қыркүйек күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің акт залында. Отбасыларды қолдау бойынша ресурстық орталық пен Алматы мемлекеттік бизнес колледжі бірлесе отырып – «Бақытты отбасы» тақырыбында ашық сұхбат жүргізілді. Іс-шараға 30 дан астам студент қатысты. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың және ұстаздың ықпалы мен қалыптасатынын, студенттер өз сөздерімен еркін жеткізе білді. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, студенттерге отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын студенттерге түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді. Қойылған сұрақтарға , студенттер жүйелі түрде өз ойларын жеткізе білді. Іс – шара соңында Кофе брейк болып, тағамдар таратылды. Студенттер отбасы туралы өз ойларын айтып, отбасына деген мейірімін ояту үшін өз ізгі тілектерін білдірді.