международная стажировка

Алматы мемлекеттік бизнес колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 22.10.-11.11.2023 ж. аралығында халықаралық тағылымдамадан өтуде.

Германия қонақжайлық саласы, ресторан бизнесі, кейтеринг және менеджмент 22.10.-27.10.2023 ж.

1 күн. bsw- (Bildungswerk der Sachsischen Wirschaft) ұсыну және кәсіптік білім беру саласындағы жұмыс. Bsw — Саксония жері бойынша білім беру орталығы жұмысымен бас директор орынбасары Ольга Вухрер халықаралық жобалар жетекшісі Михаил Сухоносов таныстырды.

Саксония отель және ресторандар Ассоциациямының DEHOGA бас директоры Аксель Кляйн қонақжайлық саласында адам жәнекадрлар ресурстарының трендтерімен таныстырды.

Саксония білім беру және мәдениет министрлігі кәсіби техникалық мектептер колледждер спикері Биргит Вурл Германиядағы қызмет көрсету саласындағы кәсіптік білім беру біліктілігі мен құрылымының неміс аумағын түсіндірді.

2 күн. Білім алу Speisewerk мейрамхана-кәсіпорнында ұйымдастырылды. Мейрамхана иесі Штефан Хентшель аспаздық саласындағы ЕС (Еуропа одақтастығы) саниралдық нормаларымен және ережелерімен таныстырды. Ресторанда өндірістік ұйымдастырумен, тексеруші мекемелер талаптарымен таныстырды.

Дрезден қаласының ескі аумағында кәсіптік тәжірибе өтетін кәсіпорындарға шолу жүргізілді. Ең алғаш сүт өнімдерін пастеризация үрдісі жүргізілген Dresdner Molkerei Gebruder Pfund GmbH сүт дүкенімен таныстырды.

3 күн. Оқытудың негізгі сәттері: бизнес және жұмыс үрдістері, аумақтық өнімдер және тұрақты даму. Bilderberg Bellevue Hotel Dresden қонақ үйдің бас дирекоры Себастьян Клинк таныстырды. Бас директормен қатар маркетинг және HR бөлімінің жетекшісі Синди Кноблаух өз жұмыстарымен таныстырды.

Дрезден техникалық Университеті бойынша орыс тілі және халықаралық қатынастар, жоғарғы білім берудің дуалды бағдарлама бойынша бағыттарымен профессор доцент Верена Барт таныстырды. Неміс студенттерімен бірге тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

4 күн. BSW білім беру орталығының Werdau филиалында өтті. Бізбен бірге Андре Вальтер –тәлімгер –аспаз, Катлин Вальденбургер — лектор неміс аспаздық техникасы мен стандартымен таныстырды. Біз бірге асқабақтан пюре көже, сары май жане лосостен врап, желкек, шалғам және бақтақпен (форель) пулепер никель, бутербродтар; бұғы етінен гуляш лимон-сәбіздек пирог картоптан клецки дайындадық.

28.10-11.11.2023 аралығында қонақ үй ресторан бизнесі, қоғамдық тамақтандыру, тамақ өнеркәсібі бағдарламасы бойынша Сьон қаласында басталды. Швейцария экономика және менеджмент қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан Сьерра қаласындағы Технополь нелисе, Швейцария сандық орталығы қарсы алды. Осы бағдарлама негізінде оқу орнымен, Швецария білім беру жүйесімен, Швейцариялық білім беру моделінің ерекшелігімен халқының дәстүрімен қонақжайлылық және туризм мәдениетімен таныстырды. Көп сұрақтарға жауап берді.