Жалынды жастар - ел ертеңі

  14.02. күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Елбасымыздың Рухани Жаңғыру бағдарламасы және 2019 жыл Жастар жылына байланысты «Жалынды Жастар – Ел ертеңі!» атты тақырыптағы жастар форумын ұйымдастырған болатын. Форумға «Жастарға жол» Қоғамдық қорының президенті Гасанов Рафаэль Руфикович «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің менеджерлері Тәуекел Ақнұр , Әлтай Баян 

Алматы қаласы Алмалы ауданы Жас Отан жастар қанатының төрағасы Сапарбаева Нұрсәулет , «Жастарға жол» қоғамдық қорының жанындағы «Іскер жастар» қоғамдық кеңесінің белсенді мүшелері, Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері және колледждің тәрбиелік жүгін арқалап жүрген белсенділер қатысты.

Форум барысында белсенділер өз саласы бойынша баяндама оқып, форум соңында «Жастарға жол» Қоғамдық қорының президенті Гасанов Рафаэль Руфикович белсенділердің ата-аналарына алғыс хат жариялады!