ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 12.03.2020 жылғы №20 қаулысына, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті, бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес колледжде келесі іс- шаралар жүргізілді:
Келесі санитарлық-профилактикалық іс-шаралар күшейтілді:
- әрбір сабақтың алдында балада мазасыздық белгілерін анықтау үшін білімаушыларды толық тексеру жүргізіледі;
- 50 санитайзер сатып алынып, білім алушыларға пайдалану ережелері жүргізілді;
- әрбір 20 минут сайын дәретханада, білімалушылар көп жиналатын орталарда кварцтау жұмыстары жүргізіледі;
- тазарту жұмыстары үзіліссіз жүргізілуде (корпуста, колледж жатақханасында дезинфекциялық құралмен ылғалды тазарту күшейтілген)
- жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайына қосымша дәрі-дәрмек сатып алынды.
- -топ жетекшілері білімалушылардың денсаулығын күнделікті бақылауда ұстайды;
- санитарлық бюллетендер шығарылып, ЖРВИ- мен ауырған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
Білім беру үдерісінде: - бұқаралық, мәдени-спорттық іс- шараларға тыйым салынды;
- сабақ кестесі өзгертілді;
- колледжде оқу бір ауысымда жүргізіледі (8.00-13.00 уақыт аралығы)
- кабинеттік жүйе тоқтатылды;
Қосымша ақпарат хабарланатын болады.
Түсіністік танытып қолдау көрсеткендеріңіз үшін алдын-ала алғысымды білдіремін.
Құрметпен, Алматы мемлекеттік
бизнес колледжінің директоры Г.К. Касымова