2022-2023 оқу жылына педагогтар құрамының бос лауазымдарына конкурс
МКҚК “Алматы мемлекеттік бизнес колледжі” 2022-2023 оқу жылына педагогтар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
«Тілдік пәндер» циклы бойынша, барлығы – 9408 сағат (педагог-8, педагог-модератор – 4, педагог-зерттеуші-1).
Оның ішінде:
Қазақ тілі -1264 сағат, Қазақ әдебиеті -528 сағат, Қазақ тілі мен әдебиеті – 1448 сағат;
Орыс тілі – 1468 сағат, Орыс әдебиеті -612 сағат, Орыс тілі мен әдебиеті – 1200 сағат;
Ағылшын тілі – 2888 сағат (мемлекеттік тілде оқыту-1324 сағат, орыс тілінде оқыту – 1564 сағат).
«Әлеуметтік пәндер» циклы бойынша, барлығы – 4622 сағат (педагог-5, педагог-модератор-1).
Оның ішінде:
Тарих пәні -2694 сағат (мемлекеттік тілде-1434 сағат, орыс тілінде – 1260 сағат)
Құқық негіздері пәні– 481 сағат (мемлекеттік тілде -175 сағат, орыс тілінде – 306 сағат)
Психология пәні – 144 сағат (мемлекеттік тілде – 38 сағат, орыс тілінде – 106 сағат)
Философия негіздері пәні – 334 сағат (мемлекеттік тілде -132 сағат, орыс тілінде – 202 сағат)
Әлеуметтану және саясаттану пәні – 419 сағат (мемлекеттік тілде -171 сағат, орыс тілінде – 248 сағат)
Мәдениеттану пәні – 550 сағат (мемлекеттік тілде – 240 сағат, орыс тілінде – 310 сағат)
«Жаратылыстану-математика» пәндер циклы бойынша, барлығы -6591 сағат (педагог-7, педагог-модератор-2)
Оның ішінде:
Физика пәні – 504 сағат (мемлекеттік тілде – 216 сағат, орыс тілінде – 288 сағат)
Математика пәні – 1646 сағат (мемлекеттік тілде -760 сағат, орыс тілінде – 886 сағат)
Химия пәні – 1227 сағат (мемлекеттік тілде – 552 сағат, орыс тілінде – 675 сағат)
География пәні – 1328 сағат (мемлекеттік тілде – 592 сағат, орыс тілінде – 736 сағат)
Информатика пәні – 1454 сағат (мемлекеттік тілде -698 сағат, орыс тілінде – 756 сағат)
Биология пәні – 432 сағат (мемлекеттік тілде -216 сағат, орыс тілінде – 216 сағат)
«Денешынықтыру және алғашқы әскери даярлық» циклы бойынша, барлығы – 6116 сағат (педагог-4, педагог-модератор-4)
Оның ішінде:
Дене тәрбиесі пәні – 5012 сағат (мемлекеттік тілде – 2036 сағат, орыс тілінде – 2976 сағат)
Алғашқы әскери даярлық пәні – 1104 сағат (мемлекеттік тілде -432 сағат, орыс тілінде – 672 сағат)
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» циклы бойынша, барлығы – 11730 сағат (педагог-13, педагог-модератор-2, педагог-сарапшы-1)
Оның ішінде:
Мемлекеттік тілде – 5270 сағат, орыс тілінде – 6460 сағат.
«Технологиялық пәндер» циклы бойынша, барлығы – 5837 сағат (педагог-4, педагог-модератор-1, педагог-зерттеуші-3)
Оның ішінде:
Аспаз біліктілігі бойынша – 5033 сағат (мемлекеттік тілде – 2925 сағат, орыс тілінде – 2108 сағат)
Наубайшы біліктілігі бойынша – 804 сағат (барлығы орыс тілінде)
«Есеп және қаржы» циклы бойынша, барлығы – 14777 сағат (педагог-17, педагог-модератор-2, педагог-зерттеуші-1)
Оның ішінде:
«Есеп және аудит» салалары бойынша – 12779 сағат (мемлекеттік тілде – 5437 сағат, орыс тілінде – 7342 сағат)
«Банк және сақтандыру ісі», «Қаржы» салалары бойынша – 1998 сағат (мемлекеттік тілде – 50 сағат, орыс тілінде – 1948 сағат)
«Менеджмент және маркетинг» циклы бойынша, барлығы – 13707 сағат (педагог-15, педагог-модератор-4)
Оның ішінде:
«Маркетинг» салалар бойынша – 6296 сағат (мемлекеттік тілде – 1214 сағат, орыс тілінде – 5082 сағат)
«Менеджмент» салалар бойынша – 7411 сағат (мемлекеттік тілде – 3221 сағат, орыс тілінде – 4190 сағат)
Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.
Қажетті құжаттар тізімі:
– Басшының атына өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
– педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
– еңбек кітапшасының расталған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
– денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (санитарлық кітапша);
– психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
– наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
– Бағалау парағы (колледж пәндік циклында толтырылады);
– біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;
Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.
Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшін – алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, санитарлық кітапша (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.
Құжаттарды мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: ambk2012@mail.ru мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 95, каб.101.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 701 167 8707, 8(727) 2927768 (ішкі номер 133).