2022-2023 оқу жылына педагогтар құрамының бос лауазымдарына конкурс

МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» 2022-2023 оқу жылына педагогтар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

«Тілдік пәндер» циклы бойынша, барлығы – 9408 сағат (педагог-8, педагог-модератор – 4, педагог-зерттеуші-1).

Оның ішінде:

 Қазақ тілі -1264 сағат, Қазақ әдебиеті -528 сағат, Қазақ тілі мен әдебиеті  – 1448 сағат;

Орыс тілі  – 1468 сағат, Орыс әдебиеті -612 сағат, Орыс тілі мен әдебиеті  – 1200 сағат;

Ағылшын тілі – 2888 сағат (мемлекеттік тілде оқыту-1324 сағат, орыс тілінде оқыту – 1564 сағат).

«Әлеуметтік пәндер» циклы бойынша, барлығы – 4622 сағат (педагог-5, педагог-модератор-1).

Оның ішінде:

Тарих пәні -2694 сағат (мемлекеттік тілде-1434 сағат, орыс тілінде – 1260 сағат)

Құқық негіздері пәні– 481 сағат (мемлекеттік тілде -175 сағат, орыс тілінде – 306 сағат)

Психология пәні  – 144 сағат (мемлекеттік тілде – 38 сағат, орыс тілінде – 106 сағат)

Философия негіздері пәні – 334 сағат (мемлекеттік тілде -132 сағат, орыс тілінде – 202 сағат)

Әлеуметтану және саясаттану пәні – 419 сағат (мемлекеттік тілде -171 сағат, орыс тілінде – 248 сағат)

Мәдениеттану пәні – 550 сағат (мемлекеттік тілде – 240 сағат, орыс тілінде – 310 сағат)

«Жаратылыстану-математика» пәндер циклы бойынша, барлығы  -6591 сағат (педагог-7, педагог-модератор-2)

Оның ішінде:

Физика пәні – 504 сағат (мемлекеттік тілде – 216 сағат, орыс тілінде – 288 сағат)

Математика пәні  – 1646 сағат (мемлекеттік тілде -760 сағат, орыс тілінде – 886 сағат)

Химия пәні  – 1227 сағат (мемлекеттік тілде – 552 сағат, орыс тілінде – 675 сағат)

География пәні  – 1328 сағат (мемлекеттік тілде – 592 сағат, орыс тілінде – 736 сағат)

Информатика пәні – 1454 сағат (мемлекеттік тілде -698 сағат, орыс тілінде – 756 сағат)

Биология пәні – 432 сағат (мемлекеттік тілде -216 сағат, орыс тілінде – 216 сағат)

 «Денешынықтыру және алғашқы әскери даярлық» циклы бойынша, барлығы  – 6116 сағат (педагог-4, педагог-модератор-4)

Оның ішінде:

Дене тәрбиесі пәні – 5012 сағат (мемлекеттік тілде – 2036 сағат, орыс тілінде – 2976 сағат)

Алғашқы әскери даярлық пәні – 1104 сағат (мемлекеттік тілде -432 сағат, орыс тілінде – 672 сағат)

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» циклы бойынша, барлығы  – 11730 сағат (педагог-13, педагог-модератор-2, педагог-сарапшы-1)

Оның ішінде:

Мемлекеттік тілде – 5270 сағат, орыс тілінде – 6460 сағат.

«Технологиялық пәндер» циклы бойынша, барлығы – 5837 сағат (педагог-4, педагог-модератор-1, педагог-зерттеуші-3)

Оның ішінде:

Аспаз біліктілігі бойынша – 5033 сағат (мемлекеттік тілде – 2925 сағат, орыс тілінде – 2108 сағат)

Наубайшы біліктілігі бойынша – 804 сағат (барлығы орыс тілінде)

«Есеп және қаржы» циклы бойынша, барлығы – 14777 сағат (педагог-17, педагог-модератор-2, педагог-зерттеуші-1)

Оның ішінде:

«Есеп және аудит» салалары бойынша – 12779 сағат (мемлекеттік тілде – 5437 сағат, орыс тілінде – 7342 сағат)

«Банк және сақтандыру ісі», «Қаржы» салалары бойынша – 1998 сағат (мемлекеттік тілде – 50 сағат, орыс тілінде – 1948 сағат)

«Менеджмент және маркетинг» циклы бойынша, барлығы – 13707 сағат (педагог-15, педагог-модератор-4)

Оның ішінде:

«Маркетинг» салалар бойынша – 6296 сағат (мемлекеттік тілде – 1214 сағат, орыс тілінде – 5082 сағат)

«Менеджмент» салалар бойынша – 7411 сағат (мемлекеттік тілде – 3221 сағат, орыс тілінде – 4190 сағат)

Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:

– Басшының атына өтініш;

– жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

– педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

– еңбек кітапшасының расталған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);

– денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (санитарлық кітапша);

– психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

– наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

– Бағалау парағы (колледж пәндік циклында толтырылады);

– біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.

Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.

Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшіналдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, санитарлық кітапша (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.

 

Құжаттарды мына электрондық мекен-жайға жіберу керек:  ambk2012@mail.ru    мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 95, каб.101.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 701 167 8707, 8(727) 2927768 (ішкі номер 133).