«IT - БУХГАЛТЕР - 2022» байқауы

28 сәуір күні колледжіміздің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2есеп А, 2есеп В топтарының студенттері «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» ұйымдастырған Республикалық «IT –  БУХГАЛТЕР – 2022»  қашықтықтық байқауына қатысты.

Байқауға арнайы пән оқытушылары Муратова Р.Н., Кумарханова Н.Н., Сериккулова А.Т. жетекшілігімен 3 команда қатысып, байқаудың 3 кезеңінің нәтижесі бойынша  Роза Нысанбековна жетекшілік еткен «Clever» командасы (команда мүшелері Азамат Аружан, Жұмахан Батима, Нұрхайдарова Батима) жүлделі 3-орынды иеленді.

Жүлдегерлер мен қатысушыларды, жетекшілерді жетістіктерімен құттықтап, алғысымызды білдіреміз