ХХІ ғасыр көшбасшысы

2022 жылдың 31 наурызында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша есеп және технология бөлімінің 2 курс студенттері арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  атты экономикалық марафоны өтті. Экономикалық марафонды ұйымдастыруға және өткізуге ат салысқандар «Бухгалтерлік есеп және қаржы» төрайымы Бутабаева Н.К. бастаған арнайы пән оқытушылары Ковалева Н.А., Алдунгарова Г.Е., Жармухамбетова Р.А., Жұмағалиева Қ.Ж., Төлеу Е.С. Серікұлы Ж.С. іс-шарасын ойдағыдай өткізді.

Марафон AМБК «Өзгеріс жолы: барлығына лайықты өмір, жастар арасында кәсіптерді танымал ету» жол картасы аясында болды. Экономикалық марафонның мақсаты ойын арқылы студенттердің ерекше құзіреттіліктерін дамыту және қалыптастыру, тілдерді құрметтеу, логикалық ойлау қабілетін, шешендік өнерін дамыту болды. Экономикалық марафонның қатысушылары 2 бухгалтерлік есеп А, Б, В, Д топтарды білім бәйгесінде бақтарын сынады.  Марафон 6 турдан тұрды, командалар ұжымдық және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

Марафон бағдарламасы: 1-тур – Өзін-өзі таныстыру, 2-тур – кәсіби мамандық бойынша қысқаша бейне материал дайындау, 3-тур – Полиглот. 4-тур «Бәйге», 5-тур «Шешендік өнері» ауызша эссе, 6-тур «Термин тап». Экономикалық марафонда қазылар алқасының мүшелері: Әділ-қазылар алқасының төрайымы: директордың міндетін атқарушы – Самаликова Г.А., Директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары – Нұрқасова Ж.А., есеп және технология бөлімінің меңгерушісі – Жармухамбетова Л.А., аннайы пәндер оқытушысы – Серікқұлова А.Т., Таубалдиева У.С. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Чажабаева Д.Д.

Марафон қорытындысы бойынша: 2-ші есеп В тобы «Баланс» абсолютті жеңімпазы, Гран-при жүлдесін алды. Модератор – Жармухамбетова Р.А., Бірінші командалық орынды 2-ші есеп Б тобы «АлтынБухтар», модератор – Ковалева Н.А, 2-орын 2 есеп А тобы «Қағаз үй», модератор – Жұмағалиева Қ.Ж, 3-орын 2-ші есеп Д «Жылдамдық» тобы,модератор Алдунгарова Г. Е. Іс-шара нәтижелі болып, алға қойған мақсатына жетті.