Экологиялық еріктілер
Қалдықтарды басқару- Қазақстанда «Жасыл экономиканы» дамытудың басым секторы
«Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандықтарының бағытымен Халықаралық тағылымдамада, Германия тамақтандыру кәсіпорындарында, Швейцария тамақ өнеркәсібінің бірқатар нысандарында болып, өндіріс үрдістерімен таныстық.
- Германияда коммуналдық қалдықтармен күресудің тиімді жүйелерінің бірі құрылған. Ол 80-жылдары қалыптаса бастады, қазір барлық неміс қалаларында белгіленген ережелер бойынша қалдықтарды терең сұрыптау жүйесі бар; Әрбір қоқыс алаңында кемінде үш контейнер орнатылады:
- тағамның органикалық қалдықтары бөлек жиналады;
- пластмассадан, әртүрлі қаптамалардан және пленкадан жасалған қаптар үшін арнайы контейнер орнатылады;
- қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнер.
- Қоқыспен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін айыппұл 75-2500₤ құрайды.
- Швейцарияның шикізат қоры төмен. Алайда, 1980 жылдардан бастап Швейцария қайта өңдеудің чемпионы.
- Осыған байланысты Білім беру бағдарламаларын жетілдіруде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығының, 2 Бөлімі, Оқыту нәтижелеріне назар аудара отырып, орта білімнен кейінгі білім мазмұнына қойылатын талаптар 2 Бөліміндегі «Кәсіби модульдердің мазмұнында (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи талаптарын ескереді» 7 тармақты ескеріп, 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 3W10130302 «Аспазшы», 4S10130305 “Технолог» біліктіліктерінің «КМ 1. Өнімдерді алғашқы өңдеу және тағамдар мен аспаздық өнімдер үшін жартылай өнімдер дайындау» кәсіби модуліне «ОН 1.3. Азық-түлік шығындары мен тағамдық қалдықтар, олардың түзілуін қысқарту» оқыту нәтижесін биылғы оқу жылының Білім бағдарламасына ендірдік.
- Эко-квест-қатысушылардың экологиялық санасын дамытуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімді насихаттауға бағытталған интерактивті ойын.