Есеп және аудит

Мамандық: 04110100 Есеп және аудит

Біліктілік: 4S04110102 Бухгалтер

Оқу мерзімі-

негізгі орта білім/  9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
Оқыту түрі – күндізгі
Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
Бухгалтер-бұл есеп жүйесінде жұмыс істейтін және заңнамаға сәйкес әрекет ететін маман.

Колледжде оқу кезеңінде сіз келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгересіз:
–    Шаруашылық операцияларды құжаттау және ұйым активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу;
–    Ұйым активтерін және қаржылық міндеттемелерін түгендеу бойынша жұмыстарды орындау және активтерді қалыптастыру көздеріне бухгалтерлік есеп жүргізу;
–    Бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуды жүргізу;
–    Бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасауға қатысу;
–    Ұйымның және оның бөлімшелерінің шаруашылық-қаржылық қызметін кешенді талдауға қатысу.

 

3W04110101 – Бухгалтер-кассир

Бухгалтер-кассирдің кәсіби құзыреттері:

Ø ұйымның кассасында және оның есеп айырысу шоттарында ақша қозғалысының толық бухгалтерлік есебін жүргізу;
Ø электрондық ақшамен және онлайн кассамен жұмыс істеуді біледі;
Ø ақшалай қаражатты инкассациялауды біледі;
Ø бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған бағдарламаларды  қолданады;
Ø әртүрлі контрагенттермен жұмыс жасау дағдылары;
Ø материалдық құндылықтардың: қолма-қол ақшаның, қатаң есептілік бланкілерінің және бағалы қағаздардың сақталуын қамтамасызету;
Ø қолма қол ақшаны қабылдау және беру негізінде кіріс және шығыс операцияларына бақылау жүргізу.

Кәсіби дағдылар:

Ø қолма-қол және қолма-қолсыз  есеп айырысуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
Ø кассалық операцияларды жүргізу;
Ø бастапқы құжаттармен жұмыс істеу және олардың қозғалысын бақылау;
Ø ақша қаражаттарының және олардың баламаларының қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу;
Ø қызметкерлерге еңбекақы, жәрдемақы және өзге де төлемдер бойынша есеп айырысуды және олар бойынша шегерімдерді жүргізу;
Ø түгендеу жүргізуге  қатысу.


4S04110103- Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері

Мамандықты таңдау-бұл әр адамның өміріндегі маңызды қадам, сондықтан сатып алу жөніндегі менеджері – ол кәсіпорынға тауарлардың немесе қызметтердің уақытылы және сапалы түсуіне қызмет ететін маман.
Қызметі тауарларды өндірумен, сатып алумен және сатумен байланысты көптеген заманауи компаниялар мен ұйымдар құжаттаманы рәсімдеу процесін және сатып алу процесін реттей алатын сауатты, білікті мамандарды қажет етеді.
Сатып алу жөніндегі  менеджері немен айналысады?
Сатып алу жөніндегі менеджері тауарларды сату немесе қызмет көрсету үшін жеткізушілермен тікелей жұмыс істейді. Оның жұмысының нәтижесінде кәсіпорын тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру және пайда табу үшін өнімді уақытында алады, өндіреді және жөнелтеді.

Кәсіби құзыреттері:

Ø жұмыс барысында  заңнамалық және нормативтік құжаттарды біледі және қолдана алады,
Ø келіссөздер жүргізу, шарттар жасау және рәсімдеу, баға саясатының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу қабілетін біледі,
Ø тауарлар мен өнімдердің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат алмасуды жүргізе алады;
Ø бюджет құруға, өтінім беруге және Мемлекеттік сатып алу жоспарына қатысады;
Ø конкурстық және сатып алу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;
Ø кәсіпорынның қаржылық есебің  құрады  және өңдей алады;
Ø қаржылық есепті талдайды және жүргізе алады;
Ø жобалаудың барлық кезеңдерінде бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу  жөніндегі менеджері экономиканың кез келген саласында жұмыс істей алады, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда-мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, өндіріс, сауда, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындау саласындағы кәсіпорындар және т.б.

 

«Есеп және аудит» мамандығының түлегі – есеп саясатын қалыптастыратын, бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыратын, барынша пайдаға қол жеткізу үшін оңтайлы басқару шешімдерін негіздейтін, болашақта кәсіпорынның дамуының тиімді жолдарын анықтайтын және құқықтық салада еркін бағытталатын есеп менеджері.

Бейіндік пәндер:

негізгі орта білім/  9 сынып негізінде:

Оқыту тілі, алгебра, информатика