Кадровая политика

Кадр саясаты – персоналды басқарудың біртұтас ұзақ мерзімді стратегиясы, оның мақсаты – колледждің талап етілетін сандық және сапалық еңбек ресурстарына қажеттіліктерін толық және уақтылы қанағаттандыру.

 
Жоғары білікті және ынталы қызметкерлер табысқа жетудің кепілі болып табылады. Колледж жалдаудың сапалы саясатын қолдану арқылы қызметкерлерді оқыту, ынталандыру және олардың кәсіби біліктілігінің деңгейін көтеру арқылы, кәсіпқойлар тобын құруға және тиімді еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге тырысады.

 
Қабілетті үміткерлерді кеңінен қамту мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпарат enbek.kz сайтында сонымен қатар колледж сайтында жарияланады. Жұмысқа қабылдау туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек шартын жасау кезінде тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидатын сақтай отырып, мыналарды ескере отырып қабылданады: білімі туралы ақпарат, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктері, әңгімелесу нәтижесі. Еңбек шарты бір жыл мерзімге немесе белгісіз мерзімге жасалады. Қажет болған жағдайда, қызметкерлердің тағайындалған жұмысқа сәйкестігін тексеру үшін сынақ мерзімі белгіленеді.