Қараша айының 1 жұлдызында колледжде «Менеджмент және маркетинг» циклының онкүндігі аясында «Жаңа Қазақстанды құру дәуіріндегі маркетинг және менеджмент жүйесіндегі инновациялық даму тәсілдері» тақырыбында қала колледждерінің студенттерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты: дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік және танымдық мүмкіндіктерін дамуытуға ынталандыру, ғылыми білімдерін және ғылыми қызметке қызығушылығын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Конференцияға Алматы құрылыс техникалық колледжі (АҚТК), Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі (АСҚК) және Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттерінің, қоғамда белсенді талқыланып жүрген мәселелер бойынша 12 жұмысы ұсынылып, әділқазылар алқасының бағалауына түсті. Конференция нәтижесі пікірталасқа ұласып, өте тартысты болып өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша келесі жұмыстар жоғары бағаланып, жүлделі орындарды иеленді:
- «Новые методы продвижения товаров и услуг: социальные и интеллектуальные сети». Зурдинова Ф. Жетекші: Қызайбай А. (АСҚК), 1- орын;
- «Ноомаркетинговый анализ рынка электросамокатов» Заирова Л. Жетекші: Таубалдиева У. (АМБК), 2-орын;
- «Мобилографияның бизнестегі ролі». Қойшыбай А. Жетекші: Жанысбаева Ж. (АСҚК), 2-орын;
- «Жаңа Қазақстандағы нарықтық жағдайда онлайн табыс табу. Таргетинктік жарнама – білім мен табысты ұштастырудағы инновациялық құрал» Абдразакова Л. Жетекші: Нурмадиева И. (АКСО), 3-орын
- «Ғылымның сөзсіз жетістігі 3D-принтер» Қожан А. Жетекшісі: Чайнусипова Д. (АМБК), 3-орын;
- «Заманауи маркетингтегі SMM – нің рөлі». Жеңісбек Н. Жетекші: Жанысбаева Ж. (АСҚК), 3-орын.
Конференцияға қасысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!



