Алтын дастархан

2014 жылы мамыр айында өткен «Алтын Дастархан – 2014» халықаралық фестивалінде Ниязбек Айгүл  алтын медаль, Шарипбаева Айдана – күміс медаль, Муравьева Екатерина – бронзо  медаліне ие болды. Командалық есепте мен жеке өзім дайындаған Владислав Шатковский, Алмас Досхожаев, Нұрыш Тоқтар фестивальдің күміс медальдерін  иеленді

2015 жылы ақпан айында «Алматы қалалық колледж оқушылары арасында World Skills қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты»байқауына технология бөлімнің қатысуы. Технологиялық бөлімнің 3 және 4 курс білім алушылары Еркін Алма Еркінқызы, Саденов Максат Эдикұлы, Садовой Владислав Дмитриевич, «Черный ящик» командалық жарыста — тісек дайындау, екінші тағам және десерт дайындау – 2 орынды иеленді. Алматы қаласының колледждері арасындағы жалпы командалық біріншілікте осы чемпионатта біздің колледж күміс жүлдегер атанды.

2016 жылы ақпан айында «Алматы қалалық колледж оқушылары арасында World Skills қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты»байқауы өтті. Технологиялық бөлімнің 3 курс студенттері Коротков В. А., жеке жарыста — тағамдар, екінші тағам және десерт дайындау – World Skills кәсіби шеберлік қалалық чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

2016 жылдың қазан айында»Алтын Дастархан 2016″ аспаздық өнер фестиваліне 3 ТХ тобының студенті Кәдірбаева Әйгерім Аманқұлқызы қатысып, 1 орын, «Ет тағамы» номинациясы бойынша 2 орынды 3 ТХ тобының студенті Алтаев Темір Бақытжанұлы 3 тех б тобының студенті Жеңіс Изид Жанқызы»Құс тағамы» номинациясын  3 орын иеленді.