Алматы мемлекеттік бизнес колледжі 1курс студенттері аралығында өткен ата – аналар жиналысының қорытындысы Хаттама № 1 «23» 09 2020ж

Қатысқан ата-аналар:305
Қатыспағандар:130
Күн мәселесі:
1. Ата-аналармен танысу
2. Колледж тәртібімен таныстыру
3. Пандемия COVID -19ға қарсы сақтық шаралары
4. Қашықтықтан оқу барысы
5. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі
6. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалынды :
Аталған мәселелер бойынша топ кураторлары сөйледі. Топ кураторлары ата-аналарды колледждің ішкі тәртібімен, пандемия COVID -19 ға байланысты сабақты карантин режимінде қашықтықтан өту тәртібімен таныстырып, білім алушылардың порталда қалай оқитыны және оқу графигі туралы қысқаша мәліметтер берді.
3 және 4 сұрақтарда топ кураторлары білім алушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі және тәртібі туралы сөз қозғады.
6.сұрақ бойынша ата-аналардың өтініші, сұрақтарына жауап берілді:
1. колледжден берілетін компьютер жайы;
2.сабаққа қажетті оқулықтар жайлы.
Шешілді:
1. 2 сұрақ бойынша колледж ережесін және тәртібін сақтау
2. 3-4 сұрақ бойынша ата-аналар тарапынан балалардың білім алуына жағдайларын жасап, көмек көрсету және сақтық шараларын, тазалықты сақтау.
3. Әр түрлі сұрақтар бойынша топ кураторлары мен ата-аналар бірлесіп шешті.